Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет74/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

156-сурақ.  Липидтердің  қурамы,  қасиет т ері,  қы змет і  жайлы 
не білесіз?
Липидтер — барлық торшалар құрамында кездесетін органикалық 
қосылыстардың үлкен тобы. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық 
еріткіштерде  (эфир,  хлороформ,  бензол,  бензин т.б.)  жақсы  ериді. 
Химиялық тұрғыдан липидгер спирт пен май қышқылдарының күрделі 
эфирі болып табылады.  Май  қышқылдары көміртегі  мен сутегінің 
үзын тізбегінен (көбінесе  16-18) жөне карбоксил тобынан қүралады. 
Кейбір жаідайда май қьппқылдарында көміртегінің бір, немесе бірнеше 
қос байланыстары болады. Мұндай май қьпдқылдары мен олар қүра- 
мына енген липидтер қанықпаған май қышқылдары не қанықпаган 
липидтер деп аталады.  Молекуласында қос байланыс болмайтын май 
қышқылдары мен липидтер қаныққан деп аталады.
Қанықпаған май қышқылдарының, қаныққан қышқылдармен са- 
лыстырганда еру температурасы томен болады. Мысалы, олеин қыш - 
қылының балку температурасы  13,4 °С болғандықтан бөлме темпера­
турасы жағдайында ол сүйық күйде болады, ал пальмитин жене стеа­
рин қыш қылдарының балқу температуралары тиісінше  63,1  жене 
69,6 °С, сондықтан олар болме температурасыңда қатқан күйде қалады.
Липидтердің көпшілігі үш атомды спирт — глицерол мен үш май 
қьпиқылы қалдығының күрделі эфирі болгандықтан оларды үш гли- 
церидтер деп атайды.  Бүл қосылыстар тоң май  (жиры) жөне сұйы қ 
май (масло) болып бөлінеді. Липидтің қүрамында қаны қпаған май 
қышқылдары неғұрлым көп болса, соғұрлым оның балқу температу­
расы томен болады. Суық аймақты мекендейтін жануарлар денесінде 
(мысалы, Арктика теңіздерінің балықтарында) қанықпаған үш гли- 
церидтер көбірек болады. Сондықтан да олардың денесі томен тем­
пература жағдайыңда өзінің икемділігін жоғалтпайды.
Липидтер стероидтар (өт қышқылдары, холестерол, жыныс гор- 
мондары, Д  дөрмендөрісі т.б.), терпендер (өсімдіктердің осу фактор- 
лары  -  гиббереллиндер,  каротиноидтар,  К  дөрмендөрісі),  балауыз, 
фосфо- жөне гликолипидтер, липопротеиндер болып жікгеледі.
Липидтер маңызды қуат көзі болып табылады, олар тотыққанда 
көмірсулар  жөне  белоктармен  салыстырғанда  қуатгы  2  есе  артық 
(38,9кДж, немесе 9,3 ккал) бөледі. Оның себебі липидтер құрамында 
көмірсулар мен белоктарға қарағанда сутегі көп, оттегі өте аз болады.
Суда ерімейтін қасиетімен байланысты липидтер (фосфолипидгер) 
торша мембранасьшың маңызды құрылымдық құрамына айналады. 
Жылуды  нашар  өткізетін  қасиеттеріне  байланысты  липидтер  жылу 
тұмшалағышы (изоляторы) болып табылады. Сондықтан да тері шелі 
жануарларды суықтан қорғайтын маңызды фактор болып саналады.
145


Май организмде түзілетін судьщ көзі,  100 г май тотыққанда 107 г 
су бөлінеді. Бұл құбылыстьщ шөлді өңірді мекендейгін, құмда тіршілік 
ететін жануарлар  үшін маңызы зор.  Кейбір  қанықпаған май қыш- 
қылдары  (линол, линолен,  арахидин)  организмде  түзілмейді,  сон- 
дықтан олар қорекпен міндетгі түрде қабылдануы керек. Бұл қы ш қ- 
ылдарды алмастырылмайтын май қышқылдары деп атайды.  Олар ра­
цион құрамында болмаса, майлардың алмасуы, өсу, көбею процестері 
бұзыльш тері ауруға шалдығады. Сонымен қатар майлар организмнің 
осу факторы болып табылатын линол қышқылының, биологиялық 
белсенді затгардың (простагландиндер, стероидты гормондар, холин) 
көзі. Олар майда еритін А,Д,Е  дөрмендөрілерінің ішектен сорылуы- 
на мүмкіндік туғызады, қой шайырының, құстардың тері майының 
құрамына енеді.
Денедегі май протоплазмалық жөне қордағы болып екіге бөлінеді. 
Протоплазма майына торша мембранасының, митохондрияньщ, мик- 
росоманың  қүрамына  енетін  майлар  жатады.  Оның  құрамы  мен 
мөлшері айтарлықтай түрақты, көп ауытқымайды. Май ми торшала- 
ры, жыныс бездері жөне шөует қүрамында едәуір көп болады.
Қордағы майға тері шелінің, шарбының майы, бүйрек, жүрек сияқ- 
ты ағзалардың маңында жиналған майлар жатады. Май торшалары - 
адипоциттер - альвеолалы үлпалар мен ет талшықтары арасында да 
орналасады. Адипоциттер құрамындағы майлар ұлпаларда энергия 
жинақтаудың ерекше түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет