Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет20/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   255
Байланысты:
itog

Түйінді  сөздер:  Рухани  жаңғыру,  Елбасы,  бағдарлама,  басым  бағыттар, 

прагматизм, бәсеке, үш тілді білім, саналы ұрпақ. 

 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы  Нұрсұлтан 



Назарбаевтың 

«Болашаққа 

бағдар: 

рухани 


жаңғыру» 

атты 


мақаласының 

жарияланғанына,  міне,  бүгін  төрт  жыл  толып  отыр.  Ежелгі  аталарымыз  «Өз  тарихын 

білген  ел  ешкімнен  жеңілмейді»  дегеніндей,  Елбасының  бағдарламалық  мақаласында 

халқымыздың тарихи санасын қалыптастырудың басым бағыттары айқындалған. 

Сол себепті, бұл бағдарламаны – қоғамға рухани жол көрсетіп, болашаққа бағыт-

бағдар сілтеген идея деп түсінеміз. Осы орайда, ең әуелі атап өтерлік оқиға – Елбасының 

бағдарламалық  мақаласында  атап  өтілген  басым  бағыттарды  айқындап,  оның  іске 

асырылу тетіктерін қамтамасыз етумен бірге, жоспарланған жұмыстарды жүйелендіру, 

бағдарламаны іске асыруды әдіснамалық және талдамалық сүйемелдеу, өңірлік жобалық 

офистердің қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 

сәуірдегі №225 қаулысымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты 

құрылған болатын. 

Бұл институттың басты міндеті – заманауи бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғам 

құру  барысында,  осыған  қатысты  барлық  құрылымдарды  ғылыми  және  әдістемелік 

тұрғыдан  сүйемелдеп,  ғылыми  негізделген тұжырымдамамен  қамтамасыз  ете  отырып, 

бағдарламада  көрсетілген  6  бағыт  пен  17  түрлі  жобаны  жаңғыртудың  стратегиялық 

тәсілін  әзірлеу  және  қатысушыларды  әдістемелік  жұмыспен  қамтамасыз  ету.  Осы 

орайда, жоғарыда атап өтілген алты бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ: 

Прагматизм – ұлттық және жеке ресурстарды нақты білу, оларды үнемді жұмсау, 

өз болашағын жоспарлай білу, ысырапшылдықтан, менмендіктен бас тарту

Бәсекелік қабілет – ұлттың аймақтық және әлемдік нарықтарда материалдық қана 

емес, сонымен қатар жоғары сапалы зияткерлік өнімді ұсына білу қабілетін арттыру

Білімнің салтанат құруы – «білім – болашақта табысқа жетудің ең іргелі факторы» 

атты идеяны дәріптеу

Эволюциялық даму – қоғамның бейбіт, зорлық-зомбылықсыз қайта құрылуы; 

Сананың ашықтығы – бұл сананың үш ерекшелігін білдіреді. Атап айтқанда: күллі 

әлемде  не  болып  жатқанын  түсіну;  жаңа  технологиялық  ағым  әкелетін  өзгерістерге 

дайын болу; өзгелерден үйрене отырып, олардың тәжірибиесін қабылдау

Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлттық сана шеңберіндегі өзгеріс және оның кейбір 

белгілері өзгерген кезде ұлттық «мендік» ішкі өзекті сақтай білу. 

Жоғарыда атап өтілген алты бағыт әрбір қазақстандықтың бойында болуға тиіс 

қасиеттерді  дамытуға  бағытталған.  Осы  орайда  бұл  алты  бағытты  жүзеге  асыру 

мақсатында 17 жоба қарастырылған. Олар: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған 

жер»,  «Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»,  «Жаһандағы  заманауи 

қазақстандық  мәдениет»,  «100  жаңа  есім»,  «Қазақ  тілін  латын  әліпбиі  графикасына 

көшіру»,  «Ауыл  –  ел  бесігі»,  «Архив-2025»,  «Ұлы  даланың  ұлы  есімдері»,  «Түркі 

әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі», «Тарихтың 

кино  өнері  мен  телевизиядағы  көрінісі»,  «Дала  фольклоры  мен  музыкасының  мың 

жылы»  және  прагматизм,  сананың  ашықтығы  бағыттарының  жұмысын  жандандыру 

мақсатындағы арнайы төрт жоба: «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – 

елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» тақырыптары қосылып отыр. 



35 

 

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа 



өзгерісті қабылдай білуі. «Жаңғыру» атаулыға бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық 

дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіспіз. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  

дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер 

жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен 

бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі  полюстерін  қиыннан  қиыстырып, 

жарастыра алатын құдіретімен маңызды. 

Бұл  –  тарлан  тарихтың,  жасампаз  бүгінгі  күн  мен  жарқын  болашақтың 

көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.   

Мемлекет  пен  ұлт  құрыштан  құйылып,  қатып  қалған  дүние  емес,  үнемі  дамып 

отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге 

қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден 

төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында 

тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты 

жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру 

және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі 

беріліп отыр. 

Рухани  жаңғырудың  маңызы  мен  мақсаты  санасы  сау,  тарихын  танитын, 

революциялық емес эволюциялық дамуды қолдайтын, прагматизмді сақтайтын заманауи 

талаптарды  жатсынбайтын,  әмбебап  бола  алатын  жаңалыққа  құштар,  білімдар  қоғам 

қалыптастыру. 

Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. 

Ал  рухани  жаңғыру  мен  жаңаруда  білім  берудің  рөлі  зор.  Біз  өзіміздің  ұлттық 

ерекшеліктерімізді  сақтай,  ескере  отырып,  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтарды 

қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам 

десең,  бесігіңді  түзе»  дейді  ұлы  Мұхтар  Әуезов.  Әрбір  білімгер  өз  жері  мен  оның 

байлығының  иесі  болу  үшін  жаңа  технологияларды  меңгеріп,  жаңаша  өмір  сүруге 

үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша 

қызмет  атқаруын  керек  ететін  болса,  сол  жаңашыл  адамдарды,  болашақ  қоғам 

мүшелеріне  білім  мен  тәрбие  беруді  жүзеге  асыратын  мамандар  дайындайтын  біздің 

білім  беру  ұйымдары  Елбасы  көздеген  бағыттарға  лайықты  болуы  тиіс.  Ең  бастысы, 

білім  беруге  қойылып  отырған  жаңа  талаптарды  орындауда  көптеген  жұмыстар 

жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне 

енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың 

өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп 

білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға 

сай орындау. 

Нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасын қолдау және игеру арқылы, біз 

жетістіктерге жете аламыз. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және 

конфессияаралық  келісім»  сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша 

қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы.  Аталған  үш 

бағдарламаның ішінде «Үш тілде білім беру» жүйесі іске асу үстінде. Мектеп, жоғары 

оқу  орындарында  үш  тілде  білім  беру,  көп  тілді  меңгеру  жан-жақты  талқылануда. 

«Қанша  тіл  білсең,  сонша  адамсың»  деп  айтқандай,  тілмен  қатар  сандық  қазақстанды 

қалыптастыру, дамыған технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің 

қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі.    

Болашаққа  бағдар  ретінде  Ш.  Есенов  атындағы  Каспий  технлолгиялар  және 

инжиниринг  университетінің  әрбір  профессор-оқытушылар  құрамы  және  осы  оқу 

орнында білім алып жатқан жастарымыз Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған 




36 

 

өмірлік  мақсаттарына  енгізе  отырып,  еліміздің  рухани  тұрғыдан  дамып, 



интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады деген сенімдемін. Тәуелсіз 

еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім 

деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен 

де  тікелей  байланысты.  Ұлттық  кодтың  өзегін  сақтай  отырып,  болашаққа  қадам 

басуымыз  қажет.  Білім  –  рухани  жаңғырудың  басты  алғышарты.  Өйткені,  ой  жүйесі 

терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге 

төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». 



https://www.akorda.kz

  

2.«Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама». 



https://egemen.kz

 

3.«Жаңғыру – ел дамуының жасампаз қағидасы». 



https://egemen.kz

 

4.«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы. 



https://primeminister.kz

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет