Ертегі дискурсы – негізін уақыт категориясы құрайтын «идеалды
ақиқат болмыс» болып табылады. Элементарлық сюжет – бір кейіпкердің бір мақсатқа жетуімен
байланысты барлық оқиғалар мен жағдаяттар.
Схема – когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер
көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі.
Скрипт – фреймді қалыптастыратын басты элемент. Скрипттің
санадағы көрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілгенформасы,
концептілік, мәтіндік құрылымның бір түрі.
Ойсурет – концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі
формасы. Концепт құрайтын элементтердің санада метафоралануы, яғни
суреттеу тәсілі.
Ассоциация – дүниетаным үдерісі барысында адам санасында алғаш
пайда болатын діндік сигналдар, білім берудің бір түрі. Ассоциация арқылы
бұрынғы тәжірибелер мен жаңадан қабылданған түсініктер арасындағы
байланыс орнатылады.
Стереотип – нақты бір феноменге қатысты концептіні түсіндіруге
қатысты оның ішкі валенттілік байланыстарын жинақтап ұйымдастыратын
менталды-тілдік категория.