Мәдени бағдарлы сценарийлер – белгілі бір мәдениет шеңберінде кең
тараған және танымал алгоритмдер.
Прецеденттік фрейм – этномәдени қауымдастық мүшелерінің
барлығына белгілі, таныс ақпарат.
Терең құрылымдар – мәдени бағдарлы сценарийлер, фреймдер және
оны құраушы слоттар.
Үстіңгі құрылымдар – ертегі дискурсының әмбебап матрицасы болып
табылады. Ол ертегі кейіпкерлері қызметтерінің реттілігін құрап, әр түрлі
қиял-ғажайып ертегілерінде бірдей болып келеді.
Фрейм – стереотиптік жағдаяттарды көрсетуге арналған мәліметтер
құрылымы.
Дискурс– экстралингвистикалық факторларға негізделе отырып
жасалатын, белгілі бір жүйеге түскен, оқиғасы, қатысушылары бар,
қатысушының баға беруі қажет етілетін тұтас мәтін.