Зерттеу пәні – ертегі дискурсының терең құрылымдарында
айқындалатын ғаламның концептуалды бейнесі.
-
Зерттеу нысаны ретінде қазақ және ағылшын халық қиял-
ғажайып ертегілер дискурсын құрайтын мәтіндер
жиынтығы алынып отыр.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуіміздің негізгі дереккөздері ретінде
қазақ және ағылшын қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері алынды. Талдауға
алынған материал корпусы 389 ертегіні құрайды, ағылшын ертегілері
Аарне-Томпсон жүйесі бойынша түзілген ертегі көрсеткіштерден алынды
(Thompson 1973).