Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет12/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83
Байланысты:
disser

Зерттеудің 
өзектілігі. 
Қазіргі 
таңда 
тілшілердің, 
фольклортанушылардың  және  антропологтардың  басым  көпшілігі 
фольклорлық  дәстүрлер,  аңыздар  мен  ырым-жоралғыларды  адам 
қалауының,  ниетінің  қиялдағы,  ойдағы  көрінісі,  оның  ақиқат  болмыс  пен 
мәдени құндылықтарға деген қарым-қатынасы деп санайды. Сондықтан да 
тілтанымдық  зерттеулердің  қазіргі  кезеңінде  халық  қиял-ғажайып 
ертегілерінің  концептуалды  ғалам  бейнесі  мен  дискурсын  бір  ұлт 
адамдарына түсінікті  және оларға тән келетін ерекше мәдени код, сондай-


 

 
ақ  этнолингвомәдени  қауымдастық  өкілдерінің  барлығына  таныс  ерекше 
тіл ретінде жаңа қырларынан қарастыруға мүмкіндіктер туды. 
Осыған орай түрлі мәдениеттердің бірегей ерекшеліктерін зерттеу, ең 
алдымен, 
халық 
қиял-ғажайып 
ертегілер 
концептосферасы 
мен 
дискурсының  тілдік  тетігін  айқындауды  қажет  етеді.  Оның  үстіне,  қазіргі 
кезде  ертегілердің  ұлттық  ғалам  бейнесі  ретінде  қалыптасуына  маңызды 
әсер  етуі  әбден  жан-жақты  дәлелденген  тілдік  дерек  болып  табылады. 
Осымен 
байланысты 
алдыңғы 
зерттеулердің 
жетістіктері 
ертегі 
концептуалды  ғалам  бейнесі  мен  үстіңгі  және  терең  құрылымдарын 
когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастырылуын меңзейді.   
Осы  тұрғыдан  алғанда,  ең  басты  айқындалмаған  мәселе  –  түрлі 
ұлттардың  халық  қиял-ғажайып  ертегілері  үстіңгі  құрылым  бойынша 
бірдей  болғанымен  (В.Я.Пропп  теориясының  қызметтері  бойынша),  терең 
құрылымдар  деңгейінде  нақты  мәденитанымдық  айырмашылықтар  осы 
кезге  дейін  арнайы  зерттеу  нысаны  болмаған.  Сондықтан  да  терең 
құрылымдардың  кешенді,  салғастырмалы  зерттелуі  –  белгілі  бір  этнос 
өкілдерінің  когнитивтік  базасын  құрайтын  ұлттық  прецеденттік 
феномендер қалыптасуы үдерісін түсіндіруге мүмкіндік береді. 
Жұмыстың  өзектілігі,  ең  алдымен  қазіргі заманда халықаралық 
қатынастардың қарқынды даму жағдайында   меңгерілетін өзге тілдің өзіне 
қарағанда,  сол  тіл  елінің  мәдениетін  ұғынып  түсіну  аса  маңыздылыққа  ие 
болып  отыр.  Бұл  ретте,  халықтың  өз  туындысы  ретіндегі  ертегіден  асқан 
сол  ұлттың  маңызын,  салт-дәстүрін  т.б.  ашып  беретін  дереккөз  жоқ  деп 
пайымдауға әбден болады. Себебі, кез келген шет тілін меңгеруде дәл осы 
халық ертегілер лингвоелтанымдық білім мен мәдениаралық құзыреттілікті 
қалыптастыратын  бірден  бір  амалы  болып  саналады.  Сонымен,  жоғарыда 
аталған  тілдік  жағдайлар  мен  зерттеу  бағыты  ертегілердегі  концептуалды 
ғалам  бейнесін  салғастырмалы  аспектіде  арнайы  қарастырудың  өзектілігін 
айқындайды.  
-  Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері.  Зерттеу  жұмысының  негізгі 
мақсаты  –  қазақ  және  ағылшын  ертегілеріндегі  концептуалды  ғалам 
бейнесінің  негізгі  когнитивтік  тетіктерін  дискурстық    талдау  арқылы 
айқындау. 
 
Алға  қойылған  мақсатты  орындау  үшін  мынадай  нақты  міндеттер 
белгіленді: 

қазақ және ағылшын қиял-ғажайып ертегілеріндегі ғаламның тілдік 
бейнесі концептуалдануының ұлттық ерекшеліктерін айқындау

ертегі  дискурсының  негізінде  архетип,  тілдің  базалық  деңгейі 
секілді адам тәжірибесінің бастапқы категориялануы, яғни қоршаған ортаны 
ойлау  арқылы  ерекше  тіркеу  түрлерін  айқындайтын  мазмұндық  маңыз-
мағыналарды анықтау;  

ертегі  кейіпкерлерінің  қызметтері  негізінде  қазақ  және  ағылшын 
қиял-ғажайып  ертегілерінің  үстіңгі  құрылымдарындағы  әмбебап  сұлбасын 
айқындап, элементарлық сюжеттері мен олардың құрылымдарын белгілеу;  


 

 

қазақ және ағылшын ертегі дискурсының терең құрылымдарындағы 
сценарий, фрейм мен оның негізгі слоттарын анықтау; 

басты 
кейіпкерлердің 
мақсаттары 
тұрғысынан 
терең 
құрылымдардың  жоспарларын  айқындап,  маңызды  мәдени  маркерлер  мен 
элементарлық сюжеттердің өзара әрекеттестігін синхрония мен диахронияда 
қарастыру.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет