Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет17/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
Байланысты:
disser

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:  
-  қазақ  және  ағылшын  халық  қиял-ғажайып  ертегілеріндегі  ғаламның 
тілдік  бейнесінің  концептуалдануын  салғастыру  барысында  әмбебап  және 
идиоэтникалық  компоненттердің  тұрақты  арақатынас  сәйкестігі  анықталып, 
түрлі  тіл  иелері  ақиқат  болмыстың  белгілі  бір  үзіндісін  қабылдауда 
концептінің  ұғымдық  компоненті  әмбебап  сипатта  болғанымен,  оның 
ұлттық-мәдени  ерекшелігі  негізгі  үш  дерекке  қатысты.  Атап  айтқанда, 
табиғат, мәдениет және дүниетаным тұрғыдан басқа компоненттерде көрініс 
табады; 
-  ағылшын  ертегілеріндегі  «су  кеңістігі»  лингвомәдени  концептісі 
ұғымдық, бейнелілік және құндылыққа ие компоненттерден тұратын күрделі 
лингвоменталды  құрылым  болатын  болса,  қазақ  ертегілері  үшін  «жерасты 
кеңістігінің»  рөлі  ерекше.  Әрине,  жерасты  патшалығы  туралы  сюжеттер 
барлық елдердің ертегілерінде кездеседі. Бірақ қазақ ұлты үшін ол қоршаған 
ортаны  ойлау  арқылы  ерекше  тіркеу  түрін  айқындайтын  мазмұндық  маңыз-
мағынаға ие болып келеді 
-  ертегі  дискурсының  үстіңгі  құрылымы  тікелей  халық  қиял-ғажайып 
ертегілерінің  жанрлық  қатыстылығына  байланысты  болғандықтан,  бұл 
типологиялық  ерекшелік  ертегіні  жанр  ретінде  анықтайтын  тетік  негізінде 
алынады.  Сондықтан  да  ол  қазақ  және  ағылшын  халық  қиял-ғажайып 
ертегілері үшін бір типтік болып табылады; 
-  халық қиял-ғажайып ертегілерінің терең құрылымы тарихи тұрғыдан 
қалыптасқан  көзқарастармен,  артефактілермен  байланысты  прецедентті 
мәдени  мән-мағыналармен  сәйкестендіріледі.  Сол  себепті  де  ертегідегі 
концептуалды  ғалам  бейнесі  мен  дискурсының  негізгі  айырмашылықтары 
аталған деңгейде көрініс табады
-  ертегілердегі  терең  құрылымның  негізін  мәдени  маркерленген  сан 
мен  есімдер  жүйесі  құрайды.  Олар  ұлттық  діл  қалыптасуына  тікелей  ықпал 
ететін сценарийлер мен фреймдердің маңызды элементтері болып табылады. 
Үстіңгі және терең құрылымдар синхрония мен диахрония тұрғысын дамып, 
бір дискурс шеңберінде мүмкін болатын ғаламдар жүйесін жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет