Сурет 1 - Ғаламның концептуалды бейнесі мен ғаламның тілдік
бейнесінің арақатынасы
Адам баласы қоршаған ортаны танып білуде дүниені тұтастай қамтып,
бүкіл белгілерін айқындап беруі мүмкін емес, таным мен концептуалдау
үдерісі ұзақ уақыт бойы жүзеге асатын құбылыс. Концептуалдау үдерісінің
нәтижелері: алынған ақпартты ұғыну; таным нысандары жайында мән-
мағыналар қалыптастыру; алынған білімдерді (концептілерді) құрылымдау;
тілдің қызметі: кодтық (таңбалық) ұйымдастырушы, адамның ішкі және
сыртқы әлемін біріктіруші; адам таным нәтижелерін тілде тіркеп отырады.
Г.А.Брутян атап көрсеткендей: «Танушы субъектінің ұғымдық аппаратында
тіркелген білім – ойлау үлгісі деп аталады, ал сөздер арқылы берілген
білімдер ғаламның тілдік бейнесі болып саналады» [31].
Ауызша мәтіннің тұжырымдамалық кеңістігін анықтау моделі
ұсынылған, ол бірнеше деңгейден тұрады (кесте 1).
Кесте 1 - Ғаламның концептуалды және тілдік бейнесінің негізгі белгілері
Тұжырымдамалық кеңістік
Тілдік көрініс
Базалық деңгей Семиотикалық
Әлемді түсіну, әлемнің құрылысы
Белгілер, символдар, кодтар
1 деңгей Лингвистикалық