99
берсең болды,- дейді Хан». Сонымен, ертегі желісі тура ағылшын
ертегісіндей «кейіпкер үйінен жолға шығады» сценарийінде сәйкестік
табады:
«
Жігіт нөкерлерін алып, ұзақ сапар кешеді. Кемені жүргізуді ешкім
білмей, кеме өздігімен жүре береді. Бірнеше күн өткен соң, кеме бір аралға
келіп тоқтайды. Кеме тоқтаған соң жігіт жағаға шығып іздеп жүріп бір
аралға кез болады. Жігіт нөкерлерді қызды іздеуге жіберіп, өзі қорада
қалады».
Ертегі «сыйға тартушымен» жолығу қызметімен жалғасады: «
Ол енді
не болар екен деп, аң-таң болып отырғанда бойы бір қарыс сақалы 40 қарыс
бір шал қораға кірді. Шал екеуі алыса кетті. Екеуі екі күн, екі түн алысты.
Ақыры шал қорыққаннан шынын айтты». Сюжет «зиян келтіру» қызметімен
жалғасып, ағылшын ертегі сценарийінде үш ағайынды болса, қазақ
ертегісінде бес нөкер мен жігіт қатысады: «
Жігіт қыздың қолынан ұстап,
сыртқа алып шықты. Бірақ қастық ойлаған нөкерлері бір жақ болып,
барлығы жабылып жігітті жаралы етіп, үйшікке қамап,өздері қызды алып
кетті».
Ертегі «жалған кейіпкер негізсіз талаптар айтады» фреймімен
жалғасып, ондағы слоттар – бес нөкер және қыз: «- Құтқарған нөкерлер деп
айт, айтпасаң өлесің,ең үлкенімізге тұрмысқа шығасың! - деп қызды
қорқытып көндіреді». Әрі қарай екі бірдей қызмет орын алады: «қиын
тапсырма» және «қиын тапсырманың шешімі»: «Тірі қалған жігіт үйді аралап
жүріп, есігі мықты бекітулі тұрған бөлмеге кез болады.Үлкен күш салып
ашып кірсе,үш балапан шырылдап айнала ұшып жүр. Қараса үлкен жолбарыс
атылғалы тұр екен. Жігіт жолбарыспен ұзақ алысып, ақырында қылышпен
шауып өлтіреді. Осылайша балапандарды өлімнен құтқарады. Бір кезде күн
күркіреп, найзағай ойнайды. Жоғары қараса, жауындатып,борандатып келе
жатқан алып қарға екен. Балапандарының амандығын көріп қарға жігітке: -
Жылда осындай кезде мен азық әкелуге кеткенде балапандарымнан көз
жазып қалушы едім. Саған жақсылық жасайын ,адамзат, не тілегің бар? -
дейді. Жігіт жағдайын айтып, қарға
есікті ашуға ұша жөнелді».
Келесі сценарий «трансфигурация» (№29 қызмет) деп аталады. Оған
қатысушылар жігіт және қойшы:
«Жігіт үйшіктен шығып, жалба -жұлба
киім киіп, баяғы өзі кеткен хан ордасына тазша болып келеді. Ел шетіне
жақындап, далада қой бағып жүрген қойшыдан хабар сұрайды. Қойшы
жоғалып кеткен хан қан қызының табылғанын, оны тауып әкелген
нөкерлерінің біріне қызды ұзатуға той болып жатқанын әңгіме етеді».
Әрі қарай жігітті қыз таниды және «тану» (№27 қызмет) фреймінің
слоттары – жігіт, қыз және қыздың әкесі: «
Жігітін танстырып әкесіне:
Мені құтқарған мыналар емес, жігіт құтқарды-деп өзінің көргенін баян
етеді».
Сонымен, аталған жоспар мен жалпы ертегіні ағылшын ертегісіндей
«кейіпкер үйленіп, бақытқа кенеледі» (№31 қызмет) сценарийі аяқтайды:
«
Хан жаза кесіліп нөкерлерді өлтіріп, жігітке қызын да хандығын да беріп,
қайтадан ойын -тойын жасатыпты»
100
Сонымен, қорыта келгенде, қазақ және ағылшын қиял-ғажайып
ертегілері үстіңгі құрылым деңгейі бойынша әмбебап сипатта болады,
өйткені ертегі сюжеттері белгілі бір қызметтер реттілігі тұрғысынан дамиды.
Басты айырмашылықтар мәденитанымдық мазмұн жағынан байқалады. Олар
ертегі дискурсының терең құрылымдарында кодталады. Мысалы, қазақ
ертегісін ағылшын ертегісінен ерекшелеп отырған мынадай прецедентті
атаулар мен мәденитанымдық маркерелер: «
Жігіт үйге келе жатып 40
есіктен өтіп 41 есікті ашса»; «
Отыз күн ойыны бітіп, тойдың ақырғы күні
екен»; «
Жалба -жұлба тазша» т.б. Фреймдік талдау арқылы сол мәдениетке
тән келетін архетиптік және релеванттық негізгі мәденитанымдық маркелер
айқындалды. Бұл маркерлер сандар мен атауларда беріліп, өз табиғаты
бойынша көпқабатты және көпмағыналы сипатта болып, ертегі дискурсының
үстіңгі мен терең құрылымдарын өзара байланыстырып біріктіру секілді
маңызды қызметті атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: