93
алынса, ағылшын ертегісінде кейіпкер түс арқылы ғана сыналады.
Алайда қазақ ертегісінде де «түс» ұғымы орын алады, бірақ ол
«зиян келтіру» сценарийімен байланысты. В.Я.Пропптың айтуы
бойынша: «Түс сынақтың ерекше формасы, ол өлілер мекеніне ену
амалы болып саналады» [132, 173 б.]. Сынақтан өткен «poor Jack»
сиқырлы шұмаққа ие болады. Терең құрылым деңгейінде бұл «кейіпкер
иелігіне сиқырлы құрал алады» фреймі және ол «а ball of yarn» и «between
the horse's two ears» слоттарынан тұрады (№14 қызмет): «
After that out
came a fresh horse for the young prince, and the old man gave him a ball of
yarn, and he flung it between the horse's two cars».
Келесі кейіпкер -ортаншы ағасы барады. Бұл фрейм «кейіпкер
іздеп жатқан затының орнына келеді» (№15 қызмет) деп аталады,
ал оның слоттары: «he», «as fast as the wind». Қазақ ертегісіндегідей,
ертегі уақыты «ықшамдалып қысқарып», кейіпкер бір сәтте қажетті
жеріне жеткізіледі. Одан кейін екінші сыйға тартушымен кездесуі орын
алып, ол да терең құрылымның жұп сценарийімен айқындалады: «сыйға
тартушы кейіпкерді сынаққа алады» және «кейіпкерге болашақ сыйға
тартушының іс-әрекеті әсер етеді». Сценарийге қатысушылар – «poor
Jack» және «an old man». Егер де қатысушылар бірінші сыйға тартушы
жағдайындағыдай қалғанымен, бірақ сынақ сипаты өзгереді: «
When he
rode up tn the door he had the same salute as from the first old man, but this
one was even uglier than the llrst one. He had long grey hair, and his teeth
Достарыңызбен бөлісу: