134
жарық-көлеңке бөліну шекарасын тордың айқас сызықтарымен (визир) тұспа-тұс келтіруге
болады.
Көріну өрісін бақылағанда окулярдың бағыттағыш венчигін көріну өрісінде шкала
бөліктері мен тордың визирлік сызықтарының айқын кескіні пайда болғанға дейін айналдыру
қажет.
Жарықтандырғышты прибордың кіру терезешесінің алдында жоғары және төмен
жылжыта (айнаның бағытын өзгерте) отырып, көріну өрісінің жарықталынуының дұрыс
болуына қол жеткізу керек. Ал 6-суреттегі 4 шкаласы бар секторды (7-суреттегі 7 маховикті)
бұра отырып, дисперсиялық компенсатордың призмаларын айналдыру қажет. Сонда ғана
жарық-көлеңке шекарасының бояулығы жойылады.
Тордың визирлік сызығын жарық-көлеңке шекарасымен тұспа-тұс келтіре отырып
шкала бойынша есеп жүргізіледі. Приборды дұрыс қалыпқа келтіріп орнықтырғанда
С-да
жарық-көлеңке шекарасы сыну көрсеткіштері шкаласының
1,33299 бөлігіне тұспа-тұс
дәл келуі керек. Көрсетудің осы мәнінен ауытқыған жағдайда пайда болатын
айырмашылықты барлық келесі өлшеулерде ескеру қажет.
16.4.3. Концентрациясы әртүрлі екі компонентті және бір компонентті сұйықтардың
сыну көрсеткіштерін өлшеңіздер. Өлшеу әдістемесі 4.2-пунктегідей.
16.4.4. 4.3-пунктегі біркомпонентті сұйықтардың сыну көрсеткіштерін өлшеу
нәтижелерін пайдаланып молекулалардың
поляризациялануы мен тиімді
радиустарын (16.13) формулаға сәйкес есептеп табыңыздар.
16.4.5. (15)-Лоренц-Лорентц формуласын тексеріңіз. Тексеруді 4.3-пунктегі өлшеудің
берілгендерін пайдаланып,
есептеумен және
график түрінде жүргізіңіздер.
16.4.6. Концентрациясы белгісіз екі компонентті ерітіндінің сыну көрсеткішін өлшеңіз.
Концентрациясының мәнін 4.5-пунктегі графиктен анықтаңыз.
16.4.7. Зерттелінетін сұйық қабатын мүмкін болатын екі әдіспен прибордың өлшеуіш
бас тетігінің жоғарғы және төменгі терезелері арқылы – жарықтандырған сәттегі сыну
көрсеткішті өлшеудегі дәлдікті бағалаңыз.
16.1.
Кесте
% n
Достарыңызбен бөлісу: