Физикалық практикум


РПЛ-3, РЛ және ИРФ-22 рефрактометрлердің құрылысы



Pdf көрінісі
бет92/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113
Байланысты:
annotation88215

16.3. РПЛ-3, РЛ және ИРФ-22 рефрактометрлердің құрылысы 
 
Приборлардың оптикалық схемалары 5 суретте келтірілген. 
Рефрактометрлердің  негізгі  бөліктері:  өлшеуіш  тетік  (жарықтандырғыш  2  және 
өлшеуіш призмалар 3, копенсатор 5 және көру трубасы (детальдары – 5,6,7,8,9). 
Жарық  сәулесі  1  жарықтандарғыштан  (немесе  РЛ  және  ИРФ-22  рефрактометрлердің 
айнасынан), диагональ жазықтықтарының аралығында зерттелінетін заттың нәзік қабаты бар, 
қос призмаға бағытталады. Сәуле ары қарай дисперсиялық компенсатор 4, көру трубасының 
объективі 5, призма 6, визирлік сызықтар РПЛ-3, РЛ үшін (үш сызықша және ИРФ-22 үшін 
айқасқан сызық) бар тор 7, шкала 8 және окуляр 9 арқылы өтіп, бақылаушының көзіне келіп 
түседі. 
Диспрсиялық компенсатор шекаралық жарық-көлеңке беттің спектрлік бояулығын жою 
үшін қолданылады. Мұнда Амичи призмалары (
D
=
589,3
 НМ
 тең сары сәулелерді ауытқусыз 
өткізетін, тікелей көретін призма) компенсатордың құрама бөліктері болып табылады. ИРФ-
22 рефрактометріндегі екі коспенсациялайтын призмалар дисперсиясы айнымалы оптикалық 
жүйе  түзейді,  компенсатордың  дұрыс  орнықты  болуы  призмаларды  сәуле  бағытының 
айналасында бұру арқылы қамтамасыз етіледі. 
Тордың  визирлік  сызығы  жарық-көлеңке  шекарасымен  тұспа-тұс  келтіріледі  және 
шкала  бойынша  сыну  көрсеткіші  есептелінеді.  Визирдің  жарық  және  қара-қоңыр  өрістерді 
ажырату шекарасымен тұспа-тұс келтіру екі тәсілмен іске асырылады. 
1. 
Көру  трубасын  (компенсатормен  қоса)  сәуленің  өлшеуіш  призмадан  (РПЛ-3 
және  РЛ  рефрактометрлері  үшін)  шағардағы  сурет  жазықтығына  перпендикуляр  болатын 
осьтің айналасында бұру арқылы; 
2. 
Прибордың шкаласымен бірге қосып өлшеуіш бас тетікті, жоғарыда айтылған 
оське қатысты, бұру арқылы (ИРФ-22 рефрактометрі үшін); 
ИРФ-22  рефрактометрінде  8  шкала  10  айна  арқылы  жарықталынады  және  11,13,14 
призмалар жүйесі  арқылы микрообъектив көмегімен 9 окулярдың фокальдық  жазықтығына 
проекцияланады. 
Рефрактометрлердің өлшеуіш бас тетігі жарықтандырғыш және өлшеуіш призмалардан 
тұратын  екі  камера  түрінде  жасалынады.  Камералар  өзара  шарнирмен  қосылған  (жоғарғы 
камера  төменгісіне  қатысты  ашылады)  және  олардың,  термостаттан  сұйықтарды  келтірілге 
және шығаратын сыртқы штуцер бар. Сонымен қатар, бас тетіктің екі камерасының да жарық 
шоқтарын бағыттайтын терезешесі болады. 
 
 


132 
 
 
б) 
16.5 сурет. РПЛ-3, РЛ (а) және ИРФ-22 (б) рефрактометрлердегі 
 сәулелер жолының принциптік схемасы. 
1-жарықтандырғыш  (айна),  2-  жарықтандырғыш  призма,  3-  өлшеуіш  призма,  4- 
дисперсиялық  компенсатор, 5- көру трубасының объективі, 6- бұратын призма, 7- визирлік 
сызықтары бар тор, 8- сыну көтсеткіштерінің мәндерін көрсететін шкала, 11,13,14 – бұратын 
призмалар  жүйесі,  12-8,  шкаланы  7  визирлік  сызықтары  бар  торға  фокустайтын 
микрообъектив, 15 қорғаныс шынысы.  
 
Жарықты  түссіз  және  әлсіз  боялған  сұйықтар  үшін  жоғары  (жарықтандырғыш) 
призмаға  бағыттап  жібреді.  Интенсивті  боялған,  жарықты  күшті  жұтатын,  сұйықтардың 
сыну көрсеткіштерін өлшеу үшін төменгі (өлшеуіш) призманың терезешесін пайдаланады. 
РПЛ-3  және  РЛ  рефрактометрлерінде  сыну  көрсеткіші  шкаласымен  қатар  қанттың 
концентрациясын  процентпен  көрсететін  екінші  шкала  бар.  Әрине,  жалпы  шкаланың  бұл 
бөлігі тек қант ерітінділерімен жұмыс істегенде ғана пайдаланылады. 
РПЛ-3  және  РЛ  рефрактометрлер  үшін 
 сыну  көрсеткішінің  өлшеу  шектері  1,3000 
тен 1,5400 ге дейін, ал ИРФ-22 үшін 1,7000-ке дейін болады. 
Көп ретті өлшеулер үшін сыну көрсеткіштері 
 шкаласы бойынша жіберілетін қателік 
2

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет