Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет26/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

¥лт мәселесі және оның 
кұрылымы.  ¥лт мәселесін 
шешудің принциптері
Бүрынғы  Кеңес  Одағы  кезінде  Қазақстан 
Ресей  империясына  тәуелді  басқа  елдер 
сияқты  езгінің  астында  болды.  Ол  патша 
өкіметінің  отаршылдық  саясатын  одан  әрі
жүргізді. 
Адамдардың 
жаңа 
тарихи
87


қауымдастығы  -   Кеңес  халқын  қүрамыз  деген  желеумен  орыстандыру 
саясатын  жүзеге  асырмақ  болды.  Тарихымыз  аяусыз  бүрмаланды.  Тілімізден, 
дінімізден  айрылып  қала  жаздап,  рухани  мәдениетіміз  небір  зобалаңды 
басынан кешірді.
Қазақстанда КСРО-ның барлық аймақтарынан ондаған, жүздеген мың тіпті, 
кейбір  түтас  халықтарды  кіндік  кескен  жерлерінен  айырып,  «халықтар 
түрмесіне»  айналдырды.  Өз  жерімізде  өзіміз  қырғынға үшырап,  өз  жерімізде 
өзіміз  қуғынға түстік.  Сан  мындаған  жандар  қырылып,  сан  мыңдаған  жандар 
ата-жүртын  тастап  көшуге  мәжбүр  болды,  орта  жолда  олардың  көпшілігі 
қырылып  қалды.  1916-1922  жылдары  900  мың  қазақ  түрлі  қазаға  үшырады. 
1931-1933  жылдары  қазақтарды  отырықшыландырамыз  және  республикада 
үжымдастыру  жүргіземіз  деп,  қолдарындағы  малдарын  сыпырып  алып, 
елімізді  адам  айтқысыз  ашаршылықка  душар  еткізді.  Соның  нәтижесінде 
зүлматта  қазақ  халқының  2,5  млн.  адамы,  яғни  52%  опат  болды.  («Егеменді 
Қазақстан»,  10  қазан,  1992  жыл).  200  мың  адам  қуғын-сүргінде  шет  жерге 
ауды.  Отызыншы жылдарда  18 мыңдай қазақ ГУЛАГ-та азап шекті.  Сталиндік 
репрессия  жылдарында  мыңдаған  қазақ  зиялыларын,  үлт  мүддесін  қорғаған 
аяулы, абзал азаматтарды «буржуазиялық - үлтшылдар», «халық жаулары» деп 
атып  жіберді.  Комсомолдық  қүрылыстар  тың  игеру  және  т.с.с  шығарып 
республикамызға  орыс  тілділерді  үсті-үстіне  төкті.  Соның  нәтижесінде 
қазақтар республика халқының жартысынан да азайып қалды.
Республикамыз,  негізінен,  шикізат  өндірілетін  ауданға  айналдырылды. 
Мысалы,  бізден  КСРО-ның  басқа  жерлеріне  тасып  әкетілетін  өнімнің  70% 
шикізат,  12%  жартылай  дайын  түрінде  болған.  Олардың  қүны  өте  төмен  еді. 
Бізден  алған  өнімді  орталық  шетелге  жоғары  бағамен  сататын.  Айталық, 
Ақтөбе  облысындағы  тау-кен  комбинаты  КСРО-дағы  хром  кенінің  95% 
шығаратын,  комбинатқа  оның  тоннасына  27  сом  төлейтін.  Ал  КСРО-ның 
сыртқы  экономикалық  байланыстар  министрлігі  шетелдерге  оны  23  есе 
қымбат  бағамен  валютаға  сататын.  Балқаштың  мысын  16  есе  артық  бағамен 
сататын.  Олардан  түскен  валютадан  Қазақстанға  бір  тиын  берілмейтін. 
Республикамызда жаңағы  аталған хром кенінен  басқа Кеңес Одағында өндірі- 
летін  сары  фосфордың  90%,  мыстың  үштен  бір  бөлігі,  қорғасынның  -  60%, 
цинктің  40%  өндірілетін.  Олардан  бөтен  алтын,  күміс,  мүнай,  көмір,  темір 
және т.б өз алдына өндіріліп, орталықка жөнелтіліп жатты. Бірақ сессия сайын 
Қазақстан  дотацияда  отыр,  орталықтан  жәрдем  қаржы  алып  жатыр  деп  көзге 
шүқып  отырды.  Осылардың  бәрі  үлтаралық  қатынастарға  өз  әсерін  тигізіп, 
кедергісін келтірді.
88


Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін жағдай өзгере бастады. 
Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді.
Туған  жерімізде  бірталай  өркенді  өзгерістер  болып  жатыр.  Республика 
халқының  жартысына жақыны  орыс  тілділер  болғандықтан  болар,  Қазақстан 
Республикасының 
жаңа 
Конституциясының 
7-бабында 
«Мемлекеттік 
үйымдарда  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарында  орыс  тілі  ресми 
түрде қазақ тілімен тең  қолданылады»  делінген.  (Қазақстан Республикасының 
Конституциясы, Алматы,  1999,  8 бет). Ата заңның  14-бабында:  «1.  Заң мен сот 
алдында  жүрттың  бәрі  тең.  2.  Тегіне,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік 
жағдайына,  жынысына,  нәсіліне,  үлтына,  дінге,  көзқарасына,  нанымына, 
түрғылықты  жеріне  байланысты  немесе  кез-келген  өзге  жағдаяттар  бойынша
Қазақстан Республикасының Конституциясы
1990 
жылдардың 
басында 
Президент
Н.Ә.Назарбаев 
барлық 
үлттық-мәдени 
бірлестіктердің басын қосу идеясын жариялаған 
болатын.  Елімізде  этносаяси  процестің  негізгі 
субъек-тісіне  мемлекет, Қазақстан халқы Ассамблеясы,  азаматтардың үлттық- 
мәдени  бірлестіктері,  саяси  партиялар  мен  қоғамдық-саяси  үйымдар  жатады. 
Тіл  туралы,  иммиграция  туралы  заңдар  қабылданды.  Республикада  әртүрлі 
үлттық  -   мәдени  орталықтар  жүмыс  істейді.  1995  жылдың  1-наурызында 
Қазақстан халқы Ассамблеясы қүрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет