Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет34/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Мемлекеттің пайда 
болуы жөнінде 
теориялар
тарағандары мыналар:
103


мүддесіне  сай  келетін  қоғамдык  тәртіпті  жасайтын  үйым,  қүрал  ретінде 
қарайды.  Қоғамға  қауіпті  әлеуметтік  шиеленістерді  асқындырмауға тырысып 
және  оларды  бейбіт  саяси  жолмен  шешу  үшін  мемлекет  негізгі  әлеуметтік 
топтар  арасындағы  қатынастарға  белсене  араласып,  ортадағы  әділ  төреші 
сияқты болуы керек дейді.
Аумақтық 
(территориялық) 
бөлінуі. 
Алғашқы 
қауымдық 
қоғамда 
халық 
туысқандығы  жағынан  үйымдасып,  ру-ру, 
тайпа-тайпа болып түратын.  Жоғарғы өкімет халық жиналысының қүзырында 
болған,  яғни  ол  қандай  шешім  қабылдаса,  сол  орындалатын.  Ер  азаматтар 
қаруын  қасында  сақтаған,  тосыннан  жау  шапса,  дер  кезінде  тойтарыс  беру 
керек  болған.  Сондықтан  халықтан  оқшау  қарулы  күштер  болмаған.  Қоғам 
таптарға  бөлінгеннен  кейін  жағдай  өзгерген.  Өндірістің  өркендеуі,  еңбектің 
бөлінуі,  сауданың  өсуі,  халықтың  көбеюі  ру  мен  тайпаның  бүрынғы  бірлігін 
бүзды.  Түрлі  рулар  мен  тайпалардың  мүшелері  кәсіптеріне  қарай  коныстана 
бастайды.  Соның  арқасында  олар  бір-бірімен  араласады.  Қолөнер  мен  сауда 
өркендеген  соң қалалар пайда болды.  Бүларға басқа ру,  тайпалардан көптеген 
келімсек  халық  келіп  қосылды.  Ру  жағынан  бөлінудің  орнына  халық  аумағы 
бойынша  бөліне  бастайды.  Штаттар,  үлыстар,  болыстар  пайда  болды. 
Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта түратын адамдардың бәріне 
де қатысты болды.
Ерекше  өкімет  аппараты  (жария  билік).  Қүлдық  дәуірде  қүл  иеленушілер 
мен қүлдардың арасында тап күресі күшейді. Азғана күл иеленушілерге
мыңдаған  қүлдарды  бағындырып,  дегенін  істету  үшін  бүқара  халықтан 
бөлек,  оның  үстінен  қарайтын  айрықша  өкімет  аппараты  керек  болды.  Ол 
өзінің  үстемдігін  қарулы  әскер,  шенеуніктік  аппарат,  полиция,  сот,  барлау, 
шіркеу,  баспасөз  және  т.б.  қүралдары  арқылы  жүзеге  асырды.  Алғашқы 
қауымдық қоғамда олар болмаған.
Мемлекеттің  егемендігі.  Ол  -   ішкі  және  сыртқы  істерін  атқарудағы  толық 
тәуелсіздігі,  дербестігі.  Сондықтан  ол  бүкіл  қоғам  атынан  ресми  істі  жүргізе 
алады.  Өзінің  аумағындағы  барлық  адамдарға,  үйымдар  мен  мекемелерге 
міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана күқығы бар.
Ашық  күш  қолдану,  зорлықпен  еріксіз  көндіру,  қылмыс  жасағандарды
еркінен  айырудан  бастап,  өлім  жазасына  дейін  кесе  алады.  Оны  орындауға 
104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет