Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет29/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси жүйе үгымы 
меи құрылымы


келеді.  Ал  саясаттану ғылымы  саяси жүйені,  қоғамның  негізгі  салаларындағы 
маңызды  саяси  қүбылыстарды  әрекетке  келтіріп  реттеп  түратын  біртүтас 
әлеуметтік механизм деп қарайды.
Саяси  жүйе,  қоғамның  саяси  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуын 
қамтамасыз  ететін түтас  саяси  организм.  Саяси жүйе негізін  саяси  билікке,  ең 
бастысы мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, үлттар ірі қоғамдық жіктер 
мен  әлеуметтік  топтар  қүрайды.  Саяси  жүйе  қызметі  болып  жатқан  саяси 
қатынастардың  даму  денгейіне  тікелей тәуелді  болады.  Саяси  қатынастардың 
дамуы  саяси  институттармен  үйымдардың  өмірге  келуіне  ерекше  әсер  етеді. 
Өйткені  бүл  аталған  саяси  мекемелер  арқылы,  таптар  мен  әлеуметтік  жіктер, 
топтар  өздерінің  мүдделерін  жүзеге  асырады.  Сондықтан  таптар  мен 
адамдардың  әлеуметтік  қауымдастықтары,  көпшілік  (қауым)  қоғамның  саяси 
үйымдастырушы  элементтері  болмағанмен,  сол  қоғамның  саяси  жүйесінің 
әлеуметтік  негізін  қүрайды.  Ол  саяси  жүйе  пайда  болатын  базис  болып 
табылады.  Ал  мемлекет  партия  және  қоғамдық  саяси  қозғалыстар,  еңбек 
үжымдары,  саяси  жүйенің  негізгі  элементтері.  Сөйтіп,  саяси  жүйе  қоғамның 
күрделі, сан қырлы қүрылымы болып табылады.
XX ғасырдың 50-ші жылдары американ саясаттанушы ғалымы Давид Истон 
саяси  жүйені,  қоғамдағы  игілік  көздері  қалай  бөлінеді,  әділетті  ме  әлде 
әділетсіз  бе  осыған  қарап  анықтайды.  Қоғам  мүшелерінің  арасындағы  дау- 
жанжалдар  осыған  байланысты  өздігінен реттеліп  отырады.  Ол  саяси жүйенің 
басты екі міндетін бөліп қарайды:
1)  саяси  жүйенің  қоғамдағы  байлықтарды  дүрыс  бөлетіндей  қабілетінің 
болуы;
2)  саяси  жүйе  қоғам  азаматтарының  осы  бөліністің  міндетті  деп 
қабылдауына көздерін жеткізуінде дейді.
Осының  нәтижесінде  қоғамдағы  сүранысқа  үсыныс  қызмет  көрсетіп 
халықты қанағаттандыра алатындай дәрежеде болуы тиіс.
Ал,  ол  саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін  былай  сипаттайды.  Саяси жүйе 
сыртқы  ортамен  «кіріс»,  «шығыс»  принциптері  арқылы  байланыста  болады. 
Кірістің  өзі  екеу  болады.  Олар  мынадай:  біріншісі,  саяси  жүйеге  қойылатын 
талаптар да, екіншісі сол өмір сүріп отырған саяси жүйені үнемі қолдап отыру. 
Мысалы,  елдегі  демократиялық  өзгерістерді  жылдамдату,  халықтың  күн 
көрісін төмендетпеу т.с.с. жатады.
94


Ал,  қолдау  арқылы  саяси  жүйе  күшейе  түседі.  Қоғам  өміріндегі  дағдарыс 
түсында  халықтың  саяси  жүйеге  түсіністікпен  қарауы.  «Кіріс»  барысында 
сыртқы орта саяси жүйеге ықпал жасайды.  Саяси жүйе қоғамдағы қордаланып 
қалған  әртүрлі  мәселелерді  шешіп  реттеуге  міндетті  болады.  Ал  осыларды 
шешу,  реттеу  «шығыс»  арқылы жасалады.  Егер  де  билік  басындағылар  қоғам 
мүшелерімен  санаспаса,  олардың,  шешімдері  қолдау  таппайды.  Саяси 
жүйедегі  «кіріс»  пен  «шығысты»  реттеп  отырмаса,  онда  ол  қайшылыққа 
апарады.
Саяси жүйенің төрт түрі болады:
1.  Топтар  мен  жеке  адамдардың  іс-қимылын,  әрекеттерін  басқаруға 
байланысты реттеу мүмкіндігі;
2.  Өзінің  қызмет  етуіне  қажетті  экономикалық  жэне  басқа  қорларды  табу 
мүмкіндігі;
3.  Қорларды,  игіліктерді,  қызметті,  үздік  (озат)  белгілерді  және  т.с.с,  бөлу 
мүмкіндігі;
4.  Әлеуметтік  ортаның  талаптарына  әрқашан  жауап  берерлік  қалып,  жаңа 
жағдайға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Саяси  жүйенің  атқаратын  функциялары,  яғни 
қызметтері сан-алуан:
1. 
Белгілі  бір  әлеуметтік  топтың  немесе 
көпшілік  халықтың  саяси  билігін  қамтамасыз  ету.  Ол  биліктің  қалыпқа 
келтірілген,  ережелерде, реттеліп бекітілген, яғни институцианалдық жағдайға 
келтірілген  түрі.  Осыдан  конституцияға негізделген  жалпыға  міндетті  заңдар 
шығарылады.
2.  Саяси  жүйе  қоғамдық  қатынастарды  реттейді,  жекелеген  әлеуметтік 
топтар  немесе  көпшілік  халықтың  мақсат-мүддесіне  сәйкес  адамдардың 
тіршілік  әрекетінің  әртүрлі  салаларын  басқарады.  Ол  әлеуметтік  институттар 
қызметінің, 
мақсаттарын 
айқындайды, 
солардың 
негізінде 
оларды 
орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3.  Саяси жүйе жинақтаушы,  топтастырушы рөл  атқарады.  Олар  барлығына 
ортақ әлеуметтік мүдделер мен қүндылықтар айналасында бірігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет