Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет32/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси жүйе бағдарлары: 
консервативті,  өзгертуші
Сталин И.В.
99


Хрущев Н.С. 
Брежнев Л.И.
Г орбачев М.С. 
Ельцин Б.Н.
Дінмүхамед Қонаев
Соңғылары  ірі,  ауқымды  реформалар  жасауға  бағытталған.  Оны  70  жыл 
бойы  Кеңес  жүйесінің  тарихынан  да  байқауға  болады;  Сталин-Хрущев  (1953
ж.), Хрущев-Брежнев (1964 ж.), Брежнев-Горбачев (1982-1985  жж.), Горбачев- 
100


Ельцин (1991  ж.).  Қазақстандағы Дінмүхамед Ахметүлы Қонаевтың басқарған 
кезеңдерін  айтуға  болады.  Халықтық өкімет  деп  аталған  социализм тудырған 
нысан-дары  мен  әдістері  адамзаттың  әлеуметтік  прогресіне  орасан  зор  ықпал 
еткені  шындық.  Қазан  төнкерісінің  жеңісі  нәтижесінде  өмірге  келген  саяси 
жүйе  белгілі  бір  кезеңде  елеулі  бүрмалауларға  үшырап,  өзінің  шын  мәнін 
көрсете  алмады.  Оның  басты  себебі,  Сталин  мен  оның  төңірегіндегілердің 
шексіз  билігінен  болды.  Басқарудың  сол  жылдардағы  қалыптасқан  әміршіл- 
әкімшіл  әдістері  күні  бүгінге  дейін  қоғам  дамуының түрлі  жақтарына кеселді 
әсерін  тигізуде.  Сол  жылдардағы  саяси  жүйе  шаруашылық  пен  әлеуметтік 
өмірдегі  тоқырау  қүбылыстарының  үдеуінен  сақтандыруға  қабілетсіз  болды. 
Саяси  жүйеге  дер  кезінде  реформа  жасауға  талпыныс  үнемі  сәтсіздікке 
үшырап  отырды.  Түрлі  мемлекеттік  қоғамдық  үйымдарға  «сайланған» 
азаматтардың  саны  еліміздегі  ересек  халықтың  үштен  біріне  жетті,  бірақ 
осының  өзінде  олардың  негізгі  бөлігі  мемлекеттік  және  қоғамдық  істерді 
шешуге нақты қатысудан шеттетілді.
Қоғамдық  өмірдің  шамадан  тыс  мемлекеттендірілуі  де  қалыптасқан 
әкімшіл-әміршіл  жүйенің  елеулі  кемшілігі  болды.  Өткендегі  саяси  жүйе  70 
жылдан  астам уақыт қоғамдық өмірді  заңдар  шеңберіне  үйымдастыруға емес, 
негізінен  өктем  нүсқаулар  мен  жарлықтарды  орындауға  бейімделіп  келді. 
Демократиялық  принциптердің  сөз  жүзінде  қалуы,  сын  мен  жариялылықтың 
тапшылығы, осының бәрі етек алып, қоғам өміріне орны толмас зиян әкелді.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1.  Саяси жүйенің түрлерін атаңыз.
2.Саяси жүйенің қызметін көрсетіңіз.
3.Саяси жүйеге не жатады?
Әдебиетгер:
1.  Фоменко С.А. Политология. М., 2000
2.  Денисюк Н.П. Политология. Минск,  1997
3. Гаджиев К.С. Введение в политическую науку, М.,  1997
4. Қуандық Е Саясаттану негіздері Астана, «Елорда», 2001
101


9 -  Дәріс
Мемлекет және азам атты қ қоғам
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге  мемлекеттің  пайда  болуы  дамуы 
жайлы,  оның негізгі белгілері және азаматтың цогам туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1. Мемлекет цогамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.
2. Мемлекеттің пайда болуы жөнінде теориялар,
3. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
4. Азаматтық цогам және цүцыцтыц мемлекет.
Мемлекет 
деген 
үғым 
екі 
мағынада 
қолданылады: 
кең 
мағынасында 
үлкен 
әлеуметтік  топтың  үйымын  білдіреді  де  халық, 
қоғам,  ел  деген  үғымдарға  сәйкес  келеді;  тар 
мағынасында  басқару  күрылымының,  мемлекеттік  аппараттың  жиынтығын 
білдіріп, үкімет, әкімшілік деген үғымдарға сай келеді.
Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады.  Бүдан кейінгі  жерде  біз 
де сол көзқарасты үстанамыз.
Мемлекет -  саяси жүйенің  басты элементі,  оның негізгі үйымы.  Ол -  керек 
кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында түратын 
адамдардың  мүддесін  қорғауға  тиіс  және  соған  орай  олардың  арасындағы 
арақатынастарды қүқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
Сонымен,  мемлекет  деп  белгілі  бір  аумақ  шеңберінде  адамдардың 
әлеуметтік  топтар,  таптар  мен  бірлестіктердің  қатынастары  мен  қызметтерін 
үйымдас-тыратын,  бақылайтын  қоғамның  саяси  жүйесінің  негізгі  элементін 
айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет