Саяси жүйенің
жіктелуі
отыратын, бақылау механизмі мықты болады.
Биліктің демократиялық тәртібі екіге бөлінеді. Олар - президенттік және
парламенттік басқару. Бүгінгі таңда 25 мемлекетте саяси өкімет билігі
конституциялық монархияның қолында болса, төрт елде шексіз билікті
иемденген діни үйымның қолында. Әлемнің көпшілік мемлекеттерінде
биліктің демокра-тиялық, республикалық жүйесі орнаған. 1990 жылы 24-
сәуірде Қазақстанға Президенттік басқару жүйесі енгізілді. Президенттік
билеу кезінде атқарушы орган парламентке бағынбайды. Елдің атқарушы
үкіметі бес жылға жалпы халықтық сайлау нәтижесінде сайланады. Заң
шығару қүқығы парламенттің қүзырына енген. Ал биліктің парламенттік
нысаны бойынша ел басшысы парламентке бағынады. Бүл тәртіп кезінде заң
шығарушылық та, атқарушы-лық билік те парламенттің қолында болады.
Атқарушы орган қызметін парламент арқылы жүргізді. Қазірде әлемде
парламенттік мемлекеттердің әр түрі бар. Мысалы, парламентке сайланған
депутаттар коалициялық кабинет қүрады. Мүндай кабинетті парламентте
жеткілікті дауыс ала алмаған жағдайда әртүрлі партия өкілдері келісіп қүрады.
Сөйтіп биліктің парламенттік тәртібі көпшілік дауысы бар бір партиялық және
коалициялық бірігіп басқаратын келісімдік басқару түрлері болады.
Белгілі Испан саясаттанушысы Хуан Линде қазіргі әлемдегі демократиялық
емес
авторитарлы
және
тоталитарлы
тәртіптердің
арасындағы
айырмашылықтарды ашты. Тоталитаризм түжырымдамасы 1950 жылы мәлім
болды. Осы жылдары американ саясаттанушылары Карл Фридрихс пен оның
ізбасарлары тоталитаризмнің ғылыми негізін талдап берді. Олардың
айтуынша, тоталитарлық тәртіп кезінде біріншіден, мемлекеттік билікті толық
иемденген (көпшілік еріксіз мойындаған) партияның болуы. Екіншіден,
партия демократиялық негізде қүрылмай бір жетекшінің қол астына
шоғырланады. Мысалы, оған дәлел Г итлердің кезіндегі фюрерлік (жетекшілік)
деп фашистік билік тәртібі аталатын. Бүл принцип бойынша билік ету
жетекшіден (фюрерден) төменге қарай барлық халықты еріксіз, қорқытып
бағындырумен жүзеге асырылады. Үшіншіден, бүл тәртіп кезінде идеология
басты рөл аткарады. Тоталитарлық тәртіп - идеологияға сүйенген тәртіп деуге
де болады, өйткені онда үнемі өздерінің ойдан шығарған "ертегі" қағидалары
болады. Мысалы, Гитлер қүрған үлтшыл партияның арий нәсілі әлемдегі ең
қасиетті, ең үздік, өзгелерден артық нәсіл деп уағыздалды. Сол елдің
идеологиясын билік басындағы саяси жетекші белгілейді. Төртіншіден,
тоталитаризм кезінде саяси институттар тарапынан өндіріс пен экономикаға
дара билік орнатылады. Ол мемлекеттің барлық саласын, ағарту, білім беру,
97
ақпарат қүралдарының тетіктерін де, өз қол астарына қаратып мықтап
үстайды, оларға қатаң бакылау (цензура) орнатады. Таза тоталитарлы
мемлекетте қоғамның саяси жүйелерінің бірде-бір саласы еркіндікте
болмайды, бәрі қатаң бақылауда өмір сүреді. Бесіншіден, тоталитарлық
тәртіпте жаппай террорлық полицейлік бақылауға жол беріледі. Бүл тәртіптен
полицейлік бақылау, күш қолдану, қысым жасау сияқты дөрекі әдістер
қолданылады.
Авторитарлы жүйені танып білу қиынға соғады. Өйткені авторитарлы жүйе
автократия орнаған мемлекетте болады. Автократия дегеніміз - бір адамға
жоғары өкімет билігін шексіз беру дегенді білдіреді. Автократия өмір сүрген
мемлекет басқаруында демократияның да, тоталитарлы тәртіптің де белгілері
білінбейді.
Сөйтіп
авторитарлы
жүйенің
тоталитарлы
жүйеден
айырмашылығы - биліктегі өкімет тоталитарлы тәртіптің мақсатын
қайталамауында. Авторитарлы жүйе жалпыға бірдей идеология үстанбайды.
Аталған жүйе көбінесе үлттық мүддеге басты көңіл бөледі. Авторитарлы
тәртіптің бірі, діни ағымдардың яғни діни үйымның қолындағы билік.
Мысалы, оған
1979 жылғы Ирандағы революциядан кейінгі нағыз
теократиялық «дін иелерінің» қүрған авторитарлы тәртібі жатады. Әлемде
авторитарлы тәртіптің бүдан өзге де түрлері бар. Мексикадағы көппартиялық
жағдайдағы билікте отырған "революциялық" партия. Олар оппозицияға жол
ашып, сайлау өткізуге рүқсат берді. Алайда бүл қадамдардың көбі жасанды
екенін де мойындауымыз керек. Бәрібір ондағы билікті бір партия қолынан
шығармады. Үшіншісі - әскери билік. Бүл билік түсында саяси қызметтерге
тыйым салынады, не шектеледі, демократия түншықтырылады. Төртіншіден,
жеке дара билеу тәртібі бүл жағдайда жетекші мемлекеттегі институттардың
әлсіздігіне қарамай, полиция-ның көмегіне сүйеніп билік жүргізеді. Бүл -
авторитарлы тәртіптегі ең түрақ-сыз, осал биліктің түрі. Биліктің бүл түрі
үстемдік еткенде, өкімет басында басқа институттардың қолдауынсыз үзақ
түру өте қиын болады. Алайда белгілі бір кезеңде тәртіптің бүл түрі де біраз
өмір сүруі ықтимал. Бесіншіден, қазіргі кезде жоғалып бара жатқан
авторитарлы тәртіптің бір түрі монархия («моно» - дара) болып табылады.
Алайда монархиялық тәртіптің бәрі авторитарлы емес. Еуропа (Ұлыбритания,
Норвегия, Швеция, Дания, Бельгия, Люксембург, Испания) мемлекеттеріндегі
монархиялық билік демократиялық парламенттің қолында. Монархтың
мемлекеттің қоғамдық өміріне араласуы конституциямен шектелген.
Даму сатысы біршама төмен елдерде (Марокко, Иордания, Сауд Арабия
Корольдігі және т.б.) монарх нағыз ел билеуші ретінде өз күшінде отыр.
98
Қазіргі кезеңдегі саяси жүйенің тағы бір түрі болып дәстүрлі және
жаңартылған жүйе қалыптасуда. Дәстүрлі жүйеге дамымай қалған нашар
азаматтық қоғамдағы саяси рөлі әлсізденген, билік қабілеттері бытыраған,
бірақ ерекше дарынды әдіске сүйенген билік жатады. Жаңартылған қазіргі
заманғы жүйеде дамыған азаматтық қоғам қалыптасқан, биліктің тиімді
әдістері таңдалып алынған елдер жатады. Зерттеуші Г.Алмонд саяси
жүйелерді сол жүйедегі саяси мәдениеттерге сүйеніп топтаған: англо-
американдық, континентальды-европалық, индустриялы елге дейінгі және
Г абриэль Алмонд
Саяси жүйелер алған бағдарларына қарай
түрақтылыққа немесе саяси өзгерістерге
қарай
консервативті
-
ескі,
бүрынғы
қалыптасқан тәртіптерді сақтап, қолдаушылар болып, өзгертуші - қоғамды
Достарыңызбен бөлісу: |