Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет38/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси партиялардың 
қалыптасу және даму 
тарихы
111


болмады.  Еңбекші  топтар  болса  экономикалық  бытыраңқылық  пен  рухани 
езгінің астында еді.  Сондықтан олардың саяси партиялар қүруға мүмкіндіктері 
жоқ  болатын.  Олардың  мүддесін  ара-түра  билеуші  топтың  алдыңғы  қатарлы 
мүшелері қорғады.
Бірақ саяси  партиялар  бірден  көпшілік партия  бола қалған  жоқ.  Оның  үзақ 
тарихы  бар.  Мысалы,  немістің  көрнекті  саясаттанушысы  Макс  Вебер  саяси 
партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Саяси  клубтардың  аристократиялық үйірмелерден  айырмашылығы  олар  ең 
алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. Ал аристократиялық үйірмелер жер 
иелерінін  мақсатын  қорғаған  болатын.  Олардың  түрақты  идеологиялық 
байланыстары  мен  дамыған  үйымы  болды.  Мүнын  бәрі  оларға  қоғамдық 
жүмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.
Көпшілік  партиялардың  саяси  клубтардан  ерекшелігі  олар  жүмысын  тек 
сайлау  кезінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  әдеттегі,  дағдылы  уақытта  да 
көпшілікке  ықпал  етуге  тырысты.  Өз  қатарына  барынша  көбірек  адамдарды 
тартты.  Өздерінің  үгіт-насихат  жүмысында  саяси  ағартушылық,  үгіт,  тәрбие, 
мәдени қызмет т.с.с.  саяси әсер етудің мол мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен,  көрсетілген  үш  кезеңді  толығымен  Ұлыбританияның  екі 
партиясы ғана басынан кешірді.  Олар либералдық (виги) және консервативтік 
(тори)  партиялар.  Ал,  қазір  өмір  сүріп  отырған  партиялардың  көбінің  даму 
жолы  қысқа.  Олардың  кейбіреуі  екі  сатысынан  өтсе,  бір  қатары  бірден 
көпшілік партия болып қалыптасты.
Американың  белгілі  саясаттанушысы  Дж.  Ла  Паломбараның  ойынша, 
партиялар мынадай төрт белгімен сипатталады:
1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе адамды, дүниені ерекше 
көре біледі;
2)  партия  -   адамдарды  жергілікті  үйымнан  бастап,  халықаралық  дәрежеге 
дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде біршама үзақ біріктіретін үйым;
3)  партияның  мақсаты  -   билікті  қолға  алып,  жүзеге  асыру  (көбінесе  ол 
112


коалициялық жолмен жасалады);
4) 
әр  партия  өзіне  халықтың  дауыс  беруінен  бастап,  мүше  болуына дейінгі 
қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Поляктың  белгілі  саясаттанушысы  А.Боднардың  көрсеткеніндей,  қазіргі 
қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның  ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, түжырымдау және 
негіздеу;
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в)  саяси  жүйелерді,  оның  жалпы  принциптерін,  элементтерін,  қүрылым- 
дарын қалыптастыруға қатысу және т.б.;
г)  мемлекетте  билік  үшін  күреске  қатынасу  және  оның  жүмысының 
бағдарламасын жасау;
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, яки оның  белгілі  бір бөлігін (топты, тапты,  жікті) саяси 
түрғыдан тәрбиелеу;
и) 
мемлекеттің,  кәсіподақтардың,  қоғамдық  үйымдардың  аппараты  үшін 
кадрлар даярлау мен үсыну және т. т.
Сонымен  қатар,  партиялар  сайлау  науқанын  дайындау  мен  өткізу,  өз 
мүшелерінің 
санын 
көбейту, 
орталық  және 
жергілікті  үйымдардың 
материалдық  ахуалын  күшейту,  өз  еліндегі  және  шетелдердің  мақсаттары 
жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
«Саяси  қозғалыс»  деп  өкімет  билігі 
үшін  күрес  арқылы  қазіргі  жағдайды 
өзгертуге  немесе  үкіметке  ықпал  жасай 
отырып, 
оны 
нығайтуға 
тырысқан 
қоғамдық күштерді айтады.  Басқа қоғамдық ағымдармен  салыстырғанда саяси 
қозғалыстың  айырмасы  ол  өкімет үшін немесе  үкіметті жүзеге  асыру тәсіліне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет