жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген қүралдары бар.
Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты үстау үшін халықтан
салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем
шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық қүрылысқа жат қүбылыс
болатын.
Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы шарт. Жалпы мемлекет
болу үшін оның өз аумағында (жерінде) түратын халқы болуы керек. Ол
халық
бір үлтты немесе көп үлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны
белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін
еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының саны көп болғанымен әлі
күнге дейін өз мемлекеті жоқ.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
- Әкімшілік-аумақтық (территориялық)
- Ерекше өкімет аппараты (жариялы
- Мемлекеттің егемендігі
- Зорлықпен, еріксіз ашық күш қолдану
- Салық салу
- Мемлекет азаматының болуы
- Мемлекет рәміздерінің болуы
Мемлекетте түратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы,
партияға, кәсіподақ мүшелігіне өту әр азаматтың өз еркінде. Ал мемлекеттің
аумағында түрған соң сол елдің азаматы болуы заңды қүбылыс. Азаматтығы
жоқ адам (апатридизм) қүқықтық жағынан қорғалмаған болып келді. Ал бір
елдің азаматы болған соң, сол елдің заңдарына бағынуға міндетті. Осы
көрсетілген белгілер мемлекетті басқа үйым, мекеме, бірлестіктерден
ерекшелендіреді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері бар.
105
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде
ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар.
Біреулері, оны буржуазиялық қоғамның жемісі
дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері, ондай қоғам
белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің
өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін
кездестіреміз. Ол: «кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де
иесі болады»,'-деген ой түжырымдайды.
Кейінірек бүл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье,
Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам түғырнамасын жасауда
ерекше еңбек еткен, немістің атақты пәлсафашысы Гегель болды. Оның
ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы,
әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды.
Олардың мақсаты: қоғамның өміршеңдігін және азаматтық қүқықты жүзеге
асыруды қамтамасыз ету.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттің қүрылымнан тыс қалыптасатын әлеумет-
тік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын
айтады. Ол жеке түлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
жасайды. Бүл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойыл-
ған. Ал олардың атқаратын міңдеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген
және орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамның қүрамына адамдардың өздері тудырған қауымдас-
тықтар (отбасы, корпорациялар, бірлестіктер, қоғамдық үйымдар, кәсіби,
шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың
өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғүрпы, салттары кіреді. Азаматтық
қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін
таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемле
кет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның
жалпы қүқықтары сақталады, бүзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп қырлы
экономика. Бүл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны
өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мүнда белсенді іскерлікке,
тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылды.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және
107
Достарыңызбен бөлісу: