Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Азаматтық қогам және 
құқықтық мемлекет


қоғамдық істерге  еркін қатысуына жағдай жасайды.  Мүндай қоғамда адамның 
халықаралық  дәрежеде  танылған  ережелерге  сай  төмендегідей  азаматтық 
қүқықтары жүзеге асырылады:
•  үлттық  этникалық,  саяси,  діни,  жастық,  жыныстық  белгілері  бойынша 
қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
•  жеке  түлға  мен  азаматтық  абыройы  болып  саналатын  пәтер,  үйі  мен 
мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, түратын мекенін анықтау,  Отанына оралуы, 
хатта  жазылған  және  телефонмен  сөйлеген  сөз  қүпиялылығы,  сөз,  баспасөз 
және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді корғалады;
•  адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
•  азаматтық  қүқықтар  сот  органдары  мен  қоғамдық  үйымдар  жағынан 
толық қорғалады.
Қазақстанда  азаматтық  қоғамның  қалыптасуы  өзгеше  жағдайда  өтіп  отыр. 
Кеңестік кезеңде қоғам  өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын.  Ол жүйе 
күйрегеннен  кейін  азаматтық  қоғамға  өтуге  «жоғарыдағы»  мемлекеттің  өзі 
үйтқы  болып  отыр.  Халықтың  сана-сезімі,  жүріс-түрысы  әлі  ондай  деңгейге 
көтеріле  қойған  жоқ.  Сондықтан  біраз  уақытқа  дейін,  белгілі  бір  сапалық 
деңгейге қол жеткізгенше бүл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.
Еліміздің  1995  жылғы  Конституциясы  Қазақстанда  әлеуметтік  бағдарды 
нарық экономикасы мен  жеке  адамның  автономиясын  түрақты  қалыптастыру 
үшін  оған қажетті қүқықтық жағдайлардың негізін қалады.  Оған тең дәрежеде 
танылатын  және  қорғалатын  мемлекеттік  меншік  пен  жеке  меншікті,  адам 
және азамат қүқықтарының кең ауқымды және біртүтас кешенін,  отбасын,  ана 
мен  әке  және  баланы  мемлекеттің  қорғауын;  идеологиялық  және  саяси  әр 
алуандықты және тағы  басқа да жаңа Конституцияда бекітілген  қазақстандық 
азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени түрғыдан жоғары дамыған шағында 
қүқықтық  мемлекетке  айналады.  «Қүқықтық  мемлекет»  деп  демократиялық 
жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, 
жеке  адамның  қүқығы  жан-жақты  қамтамасыз  етілетін  мемлекеттік  қүрылыс- 
ты айтады.  Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, 
басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады.  Заңдар халықтың ерік-қүқығын 
белгілейді  және  оны  барлық  адамдар,  мемлекеттік  органдар  мен  мекемелер 
орындауға міндетті.  Мүнда мемлекет пен  азаматтар  екі жақты  өзара жауапты- 
лықта болады.  Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметте- 
ріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.


Мүнда  бір  таптың,  партияның,  топтың,  идеологияның  үстімдігіне  жол 
берілмейді.  Адам  қүқығы  биік  дәрежеде  сақталады.  Барлық  азаматтар  шын 
мемлекеттік және  қоғамдық істерге қатыса алады.  Атқарушы  биліктің  барлық 
жүмысы  ашық  атқарылады,  оның  жүмысы  жүртшылықтың  бақылауында 
болады.  Пікір  алуандығы  кең  өріс  алады.  Бүл  мемлекетте  адамның 
адамгершілік  қасиеттері,  борыш  сезімі,  жауапкершілігі  биік  дамиды. 
Қүқықтық  мемлекет  жоғары  өкіметтің  қаулы-қарарларымен  кіргізілмейді.  Ол 
үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлерден нені үқтың?
2. Мемлекеттің саяси үйымдардан айырмасы қандай?
3. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?
4. Азаматтық қоғам дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Нысанбаев Ә. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. А.,  1999
2. Н.Назарбаев «Қазақстан жолы» Қарағанды, 2006
3. Жамбылов Д.  Саясаттану негіздері. А., 2000
4.  Тихонравов Ю.В. Геополитология. М.,  1998
5. Политология:  Учебник/Под ред Т.Т.Мустафина. А.,  1993
10-Дәріс  Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар
Сабақтың 
мақсаты: 
Студенттерге 
цогамның 
саяси 
саласының 
ерекшеліктері,  цогамдыц-саяси цозгалъістар туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
109


1.  Саяси партия үзымы.  Саяси партиялардың түрлері.
2.  Саяси партиялардың қалыптасу және даму тарихы.
3.  Саяси цозгалыстар мен кргамдыц ұйымдар.
Қазіргі 
демократиялық 
қоғамдағы 
партияның  маңызды  міндеті  -   азаматтық 
қоғам 
мен 
мемлекет 
арасындағы 
байланысты баянды ету.  Партиялар арқылы 
әр  түрлі  әлеуметтік  топтар  өздерінің  саяси  талаптарын  мәлімдейді.  Бүрынғы 
әлеуметтік-экономикалық  саясатты  одан  әрі  жүргізу  немесе  оны  өзгерту 
керектігі  жөнінде  өздерінің  көзқарастарын  білдіреді.  Соның  арқасында 
қоғамның  саяси  саласындағы  қайшылықтардың  басы  ашылады,  әлеуметтік 
қопарылысқа соқтырарлық өткір шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.
Сонымен,  партия  деп  -   мемлекеттік  билікті  қолға  алуға  немесе  билік 
жүргізуге  қатынасуға  бағытталған,  ортақ  мүдде,  бір  идеология  негізінде 
қүралған  адамдардың  ерікті  одағын  айтады.  Партиялар  сайлауға,  мемлекеттік 
органдар  қүруға,  мемлекеттік  маңызды  шешімдер  қабылдауға  және  оларды 
жүзеге асыруға белсене қатынасады.
Саяси  жүйеге  мемлекетпен  қатар  саяси  партиялар  да кіреді.  «Партия»  сөзІ 
латын  тілінен  аударғанда  «бөлу»,  «бөлшек»  дегенді  білдіреді.  Алғаш  Ежелгі 
Грекияда  пайда  болды.  Қазіргі  саяси  партиялар  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысында  Еуропада  пайда  болган.  Оған  ықпал  еткен  буржуазиялық 
революциялар болды. Мемлекеттік билікті үйымдастырудың түрі -  парламент- 
тер мен парламентаризм дүниеге келді. Алғашында көпшілік партия болмады.
Бірінші  көпшілік  партия  1861  жылы  Англияда  пайда  болды.  Соңынан 
мүндай партиялар көбейіп кетті.  Саяси партия тапты немесе  әлеуметтік топты 
үйымдастырады.  Қазіргі  демократиялық  қоғамдағы  партияның  маңызды 
міндеті-азаматтық  қоғам  мен  мемлекет  арасындағы  байланысты  баянды  ету. 
Партиялар арқылы әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді.
Қоғамның  қай  жігіне  партияның  ықпалы  мықты  әсер  етсе,  сол  партияның 
әлеуметтік  негізін  қүрайды.  Демек,  солардың  мүддесін  қорғайды  және  де 
саяси өмір мәселесіне баса назар аударады.
110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет