Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет17/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

Өсу  факторлары.  1904  жылы  Никитинский  алғашқылардың  бірі  болып  зең 

саңырауқұлақтарының  өсінділерінде  ерекше  органикалық  заттың  –  олардың  өсуін 

қолдаушы  (стимулятор)  бар  екендігін  анықтады.  Кейін  осындай  биоактиваторлар 

ашытқыдан, патогендік бактериялардан және қарапайымдылардан табылды. Биологиялық 

процестердің  белсенділігін  арттырушылар  (активаторлар)  өздерінің  әсері  жағынан 

дәрументәріздес  қосылыстарға  ұқсас.  Қоректік  ортада  олардың  аздаған  мөлшерінің  ғана 

болуы  зат  алмасуды  өзгертіп,  микробтық  жасушаның  массасын  ұлғайтады.  Мұндай 

факторларға  әсіресе  дәрумендерді  өздігінен  синтездей  алмайтын  микрорганизмдер 

мұқтаж. Ашытқылар, азтобактерия және басқада микроорганизмдер өздерін биологиялық 

белсенді заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ оларды қоршаған ортаға бөлу 

арқылы  басқа  тіршілік  иелерінің  дамуына  қолайлы  жағдай  тудырады.  Кейбір  микробтар 



өсу  факторларын  айтарлықтай  мөлшерде  бөледі.  Осыған  байланысты,  мысалы, 

пропионқышқылды  бактерияларды  өндірістік  жағдайда  В

12

  дәруменін  және  басқада 



биологиялық белсенді заттарды алу үшін пайдаланады.  

Микробтарды  зертханалық  жағдайда  жасанды  қоректік  орталарда  өсіреді. 

Гетеротрофтарға  арналған  орталарда  ет  сығындысы  немесе  пептон  қосылған  бұршақ 

тұқымдастар (ЕПА, ЕПС, ЕПЖ және басқалары) болуы қажет. Пептон – азоттың әмбебап 

көзі,  қышқылды  ортада  пепсиннің  көмегімен  толық  ыдырамаған  протеиннің  өнімі. 

Авторофты бактериялар мұндай ортада өспейді. 

Көптеген микроорганизмдердің жануарлардан айырмашылығы  – өсуі үшін қоректік 

зат  ретінде  қағаз,  ағаш,  тері,  резеңке  және  т.б.  субстраттарды  пайдалана  алуында. 

Бұлардың  кейбіреуі  өмір  сүруі  үшін  парафинді  көмірсутегін,  керосин,  мұнайды 

пайдаланса,  екіншілері  белгілі  бір  құрамдағы  элективтік  ортада  ғана  өседі.  Оларды  бір 

түрге жататын бактерияларды бөліп алу мақсатында қолданады. 

Микроорганизмдер метаболизмінің механизмі. Қоректік заттар микробтық жасушаға 

қоршаған  ортадан  қабықшасы  арқылы  енеді.  Микробтық  жасуша  тәулігіне  өзінің 

салмағынан  20-30  есе  артық  қоректік  заттарды  пайдаланады.  Қоректік  заттардың 

микробтық  жасушаға  енуі  күрделі  физикалық-химиялық  процесс.  Мұнда  оның 

концентрациясы 

мен 


құрамы, 

жасуша 


қабықшасының 

өткізгіштігі, 

заттың 

цитоплазмадағы  изоэлектрлік  нүктесі  және  басқалары  үлкен  рөл  атқарады.  Анаболизм 

және  катаболизм  көбінесе  бір  уақытта  өтеді,  өйткені  бір  зат  ассимиляция  процесіне  де, 

диссимиляция процесіне де қатар қатысуы мүмкін.  

Цитоплазмадағы  және  одан  тыс  жердегі  тұздардың  концентрациясындағы 

айырмашылық  зат  алмасудың  қозғаушы  күші  болып  табылады.  Сұйықтық  тұздың 

концентрациясы артық жерге қарай қозғалады. Қоршаған ортада тұз концентрациясы көп 

болған  жағдайда  сұйықтық  жасушадан  шығады.  Бұл  кезде  цитоплазма  қабықшадан 

ажырап, бүріседі, әлсіреу және енжарлық жағдайының байқалуы жасушаның өлуіне әкеп 

соғады.  Плазмолиз  деп  аталатын  бұндай  құбылыс  табиғатта  байқалады,  кейде  оны 

адамның  өзі  туындатады.  Тосап  дайындау,  қиярды  тұздау,  орамжапырақты  ашыту 

барысында  ерітіндінің  концентрациясын  жоғарылату  арқылы  микрорганизмдердің 

көбеюіне  қолайсыз  жағдай  жасалынып,  өнімнің  ұзақ  сақталуына  мүмкіндік  беріледі. 

Осыған  кері  құбылыс  –  деплазмолиз  (плазмоптиз),  тұздың  концентрациясы  қоршаған 

ортада өте аз болғанда байқалынады. Сұйықтық жасушаға қоректік орта мен жасушадағы 

тұздың  концентрациясы  теңескенше  ене  береді.  Әдетте,  мұның  алдында  жасуша 

қабықшасы  жарылады.  Микробтар  дистилденген  суға  немесе  натрий  хлоридінің 

гипотондық  ерітіндісіне    түскенде  осындай  құбылысты  байқауға  болады.  Сондықтан, 

плазмолиз  де,  плазмоптиз  де  микробтарға  қолайсыз  әсер  етіп,  олардың  өлуімен 

аяқталатын құбылыстар.  

Плазмолизге  стафилококклар,  сарциналар  төзімдірек  болса,  ал  пастерелла,  ішек 

таяқшасы,  сібір  жарасының  қоздырғышы,  холера  вибрионы  және  басқада  микробтар 

төзімсіз болып келеді.  

Табиғатта  заттардың  концентрациялары  арасындағы  үлкен  айырмашылық  сирек 

кездескенімен,  мұндай  жағдайлар  болып  тұрады  және  осының  нәтижесінде  микробтар 

өседі.  Аздаған  көлемдегі  сұйықтық  жасушаға  енгенде,  онымен  бірге  еритін  заттар  да 

кіреді,  цитоплазма  қабықшаға  өте  тығыз  жақындап,  кернелу  немесе  тургор  жағдайында 

болады.  Бұл  кезде  бактериялық  жасуша  сөлінің  осмостық  қысымының  шамасы  3-6 

атмосферадан аспайды.  

Метаболизм  процесінде  алмасу  адсорбциясының  маңызы  зор.  Бұл  электрлік 

зарядталған  микробтық  жасушаның  беткі  қабатының  қарама-қарсы  зарядталынған 

заттарды тарту (адсорбция) қабілеті. Жасуша бетінің заряд таңбасы ортаның рекциясына 

(рН)  тәуелді:  қышқылды  реакцияда  заряд  оң,  ал  сілтілі  ортада  –  теріс.  Сіңірілген 

(адсорбцияланған)  заттар  кейіннен  жасуша  ішіне  еніп,  микробтың  денесін  құру  үшін 

пайдаланылады.  Бұл  процесте  цитоплазмалық  мембрананың  рөлі  өте  зор.  Оның 



өткізгіштігі барлық заттарға бірдей емес. Жасуша ішіне молекулалары ұсақ заттар тезірек 

енеді.  Липоидтар  (майтәріздес  заттар)  және  суда  нашар  еритін  басқада  заттар  жасуша 

ішіне экзоферменттердің көмегімен ыдыратылғаннан кейін ғана кіреді.    

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет