ренулері үшін жаттығу тапсырмаларын әзірледік.
ҚазҰУ Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №2 (51). 2017
86
Қазақ күресі балуандарының техникалық-тактикалық дайындығын жетілдіру әдістемесінің ...
Біз «белдесудің» техникалық әрекеттерін
тиімді орындауға мүмкіндік беретін тапсырма-
лар жүйесін құрдық (3-сурет).
Тепе-теңдіктен шығару қолдармен, қозға-
лыспен және тәсілдер тіркесімен орындалады.
Шабуылды техникалық әрекеттерді орын-
дау: аяқ қимылдарымен, қол қимылдарымен,
дене қимылдарымен жүзеге асады.
Қоян-қолтық белдесуден босану аяқ қимы-
лымен, дене қимылымен, қол қимылдарымен
жүргізіледі.
Қорғаныс әрекеттерін жүргізу: тепе-тең дік-
ті сақтау, шабуылды оқшаулау, шабуыл әрекет-
теріне арналған позициялар таңдау арқылы.
Ары қарай біз қоян-қолтық белдесу кезіндегі
екі жақты шабуыл мен қорғаныс әрекеттерін
орындауды жетілдіру үшін тапсырмалар жүйесін
әзірледік.
Тапсырмалар бес минуттық айқастан кейін-
гі шаршау жағдайында орындалды. Бір ғана
жаттығу тапсырмасында тепе-теңдіктен шығару
сияқты нақты бағыттар жүзеге асты. Тапсыр-
малар қарсыласуды шектеу жағдайында орын-
далды, ал одан кейін қарсыластың толық
қар сыласуы жағдайында меңгерілді. Жарыс
кездесулерінің көлемі күрескерлердің жат-
ты ғу жұмыстарын орындау тиімділігі мен
жағдайы негізінде ұсынылды. Біздің ойымызша,
меңгерілген дағдылардың бекітілуі үшін әртүрлі
бәсекелестермен кездесу ұйымдастыру жағдайы
міндетті. Мұндай тәсіл бәсекелестерге екі жақты
белдесу жағдайында кез келген қарсыластың
физикалық дайындығына тәуелсіз тиімді жұмыс
жасауына жағдай жасайды. Педагогикалық
тәжірибе басында бақылау және тәжірибелі топ
өкілдері арасында қосымша уақытпен міндетті
белдесу жағдайымен жарыстар өткізілді.
Барлығы 36 белдесу өтті, соның ішінде 19 белде-
суде бақылау тобы жеңіске жетті, ал тәжірибелік
топ 17 белдесуде жеңімпаз болды.
Достарыңызбен бөлісу: