128
дайындықты үзбей оны практикада қолдану арқылы тереңдетудің маңызы
зор. Жас мұғалім мектебі міне осы маңызды міндетті шеше алады.
Мектептерге эксперименттік жұмыстар ұйымдастыруға кең мүмкіндік
беріп отырған кезеңде проблемалық (инновациялық) топтың әрекеті қызу
қолдау табуда. Мұғалімдердің мұндай тобы мектеп басшыларының, ғалым-
педагогтардың, мұғалімдермен өзінің бастамасымен құрылуы мүмкін. Бұл
топ озық тәжірибені өз мектебінде және одан тысқары жерлерге де
жинақтап, таратуға күш салады.
Егер проблемалық топ өз концепциясын немесе әдістемелік
жаңалығының талдамасын жасап, практикаға енгізумен айналысатын болса,
онда ол топ ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі белгілері бар
эксперименттік-тәжірибелік әрекет жүргізеді.
Озық
педагогикалық
тәжірибенің
авторлық
мектептері
(педагогикалық
шеберханалар,
педагогикалық
практикумдар)
–
педагогтардың пікір алысу нысаны, онда озық педагогикалық тәжірибенің
авторы болып табылатын мұғалім, оқытушы, оқу орнының мастері немесе
басшысы мектепке қатысушыларға өз тәжірибесі туралы айтады және оны
ашық сабақтар өткізу процесінде жан-жақты көрсетеді, т.с.с.
Педагогикалық оқулар дегеніміз – озық тәжірибені қорыту мен
таратуды мақста еткен білім беру қызметкерлерінің пікір алысу нысаны.
Педагогикалық оқуларда көбінесе тәжірибесі жаңашылдық элементтеріне
құрылған және жұртшылық мойындаған практикалық қызметкерлердің –
мұғалімдердің,
оқытушылардың,
оқу
орындары
басшыларының
баяндамалары тыңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: