ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет40/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Сарқытхан Қастер
Алматы қаласы.
о, ПАЙғАмбАР (с.ғ.с) 

 ЖАРЫқ 
нҰРЫ ғАлАмнЫң
Eй, пайғамбар (с.ғ.с) жарық нұры ғаламның,
Асыл тәжі, ардақтысы адамның.
Бақыты мен махаббаты жүректің,
Берекесі, тыныштығы даламның.
Таңмен бірге түріп түнін сананың,
Шуақ болып өптің жүзін баланың.
Сәби қызды қорғап тірі көмуден,
Мәртебесін биік еттің ананың.
Мүшіріктер өздерінің сорына,
Ұрды сені тас алды да қолына,
Олар үшін ғафу сұрап Алладан,
Өр төзіммен тарта білдің жолыңа
Шуақ болып бар жүрекке сиясың?
Жауыңды да жамандықтан тиясың.
Шәһиттердің майдандағы қанынан,
Ғалымдардың артық көрдің сиясын.
Адалдықты, ізгілікті ту етіп,
Надандықты, арамдықты тұл етіп,
Бай мен кедей, құл мен қожа, хандарды,
Баули білдің бір Аллаға құл етіп.
Бара алмайтын ақылменен байыпқа,
Миғражда көтерілдің ғайыпқа.


95
Таңдаулы діни өлеңдер
Жүрегіңді Хақтың өзі тазартқан,
Тартылмайсың ешқандай бір айыпқа.
Ақиқатқа талпынған шын емсіне
Бұдан асқан сый болар ма елшіге?
Сондықтан да соңғы заман жаршысы,
Күллі әлемдік үгіт тиді еншіңе... 
Тірлігіңде кіреріңді пейішке,
Сүйіншілеп келсе дағы періште,
Құлшылықтың бар үлгісін көрсеттің,
Мәңгілікке өнеге етіп әр істе.
Бұл өнеге әдептерден озбайтын,
Тәлім еді ғасырларда тозбайтын.
Сендік үгіт – Құран менен хадистер,
Жүрек нұры, имандықты қозғайтын.
Өкінсем де көрмедім деп өзіңді,
Елестейсің жұмсам болды көзімді.
Өкінсем де алмадым деп қолыңнан,
Жаттап өстім салиқалы сөзіңді.
Өкінсем де сапар бірге шекпедім,
Адамдықтың арын аттап өтпедім.
Өкінсем де жауға бірге шаппадым,
Арам жолға тамшы терді төкпедім.
Өзің болдың ұлы ұстаз мәңгілік,
Сен келмесең жүрер едік мәңгіріп,
Сеніменен иман еніп ортаға,
Тіршілікке нұр құйылды, сән кіріп.


96
Аллаға мадақ
Нұрға толған жан-дүниең әлемі,
Мінезің де, келбетің де әдемі.
Саған және үмбетіңе болса екен
Хақтың ұлы мейірі мен сәлемі.
О, Жаратқан, жараттың ғой жақсыдан,
Тілейтінім жанарменен жас тұнған:
«Табылсыншы қияметте ата-анам,
Пайғамбардың ақ туының астынан!»  


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет