Дәулетбек Байтұрсынұлы,
Алматы қаласы.
нҰРғА ғАШЫқ ЖҮРЕгім
Миғраж түні көтерілдің сағымдай,
Ердің көкке екіұдайға салынбай.
Жәбрейілдің бастауында бардың сен,
Жаратқанның жандың көкте шамындай.
Басын иіп есік ашты әр аспан,
Періште тоқтап, ал, Пайғамбар ары асқан.
Пәрмен алдың Хақ Алланың алдында,
Құтқаруға үмбетіңді адасқан.
Жұмақпенен сүйіншілеп пендені,
Адамдарға қайта оралдың жердегі.
Бес уақыт намаз, «бақара» сүре – соңғы аят,
Аманат қып Жаратқанның бергені.
Бір Аллаға серік қоспай бағынса,
Тәубе десе, жылпылдамай сабынша.
«Берем»,- деді кешірімін раббым,
Құлым бойда күнәсінен арылса.
Дедің де, сен, құшағыңды аш, Алла,
Шуақ шаштың жердің жүзі жаһанға.
Алла құлы – Адам ата ұрпағы,
Кетпесін деп айналып сол жат аңға.
Сынақ өмір нәпсі дұшпан күресер,
Пайғамбарсыз көкіректен күн өшер.
Хабибімнің тері тамған жер беті,
Көктемдегі қызғалдақ боп гүл өсер.
175
Таңдаулы діни өлеңдер
Пайғамбардың дүлдүлі бар Пырақ ат,
Өмірінде жасамаған бір ағат.
Көркем мінез адамзатқа көрсеткен,
Күллі ғалам ахлағынан құралат.
Сені ойласам күнім шырын, бал түнім,
Алла берген жүректегі алтыным.
Нұрға бөлеп өміріме өң бердің,
Сенің ізгі қасиетіңнен балқыдым.
176
Достарыңызбен бөлісу: |