170
Аллаға мадақ
Әлемнің сырын ұғу түк емес сау болса
адам санасы,
Ал енді, досым, зейінді қойып мына
бір қызыққа қарашы:
Бораныменен қалшылдап тұрған қаңтарда
тусаң егер шын,
Балдай татыған ана сүтінің жылығанын
бір көрерсің.
Күн
нұры туып сән,
Ал жазда туылсаң,
Салқындау болған анаңның сүтін емерсің,
РАББЫҢның мұндай шеберлігіне не дерсің?!
АЛЛАҺты меңзеп тұрады дәйім әлемнің
бүкіл сәні мың,
Ана мейірімі де нығметі ғой құдіреті
күшті Тәңірдің.
Сол мейірім, сол махаббат
өміріңнің болар жыр-әні,
Ана сүтімен егілер саған Жаратушыңның шуағы.
Сұйылып кейде,
Қою боп бейне,
Сен өскен сайын өзгерер сүттің құрамы.
Хаққа жетелер әлемнің сансыз сұрағы.
Анаңның сүтін, араның балын, бойдағы
қанның барлығын,
Жасай алмайды
ешқандай құрал дамыса-дағы
бар ғылым.
РАХМАНның нұры ғаламға мынау тұрады
шексіз таралып,
Бастауын ғылым Құраннан алса ашады
небір жаңалық.
171
Таңдаулы діни өлеңдер
Екі дүние сайлап тұғырын,
Мәнді
болар айбат ғұмырың,
РАББЫҢНЫҢ сөзі - жолымыз болса сара нық.
Әлем бір көрме кереметтерін тауыса алмас
ешбір жан санап,
Тәңірдің мінсіз шеберлігіне айтасың сонда
сан мадақ.
Шындыққа, досым, көзің жеткен соң көңіліңде
болар
таң қалыс,
Таң қалыс барда, тамсану барда оянар иман,
ар-намыс.
Өмірің жас қой, сәждеге бас қой Тәңірің үшін,
расында,
Сол ғана болар жанған іс, сол кезде туар
самғау күш!!!