Ережепқызы Сәуле Ережева,
Алматы қаласы.
АллАнЫң ШЕбЕРлігін КөРЕ ТҰРА
Раббыма құлшылық қып көрер көзді,
Арнасам тістен шыққан әрбір сөзді,
Аласұрып жүрегім тыным таппай,
Ақиқаттың келгенін жаным сезді.
Алланың шеберлігін көре тұра,
Нығметін аямасын біле тұра,
Нәпсі мен дүниеге құл болмайық ,
Алладан, Хақтан ғана көмек сұра.
Бір іске мың сауабын берсе дағы,
Сәл қынжылсаң тез көмекке келсе дағы,
Пендешілік, әттең, бізді арбаумен жүр.
Аллаһ сөзі, пайғамбарға (с.а.с) ерсек тағы.
Рахымыңды мына әлемге тараттың,
Шексіз ұлы, Аллам, бізді жараттың,
Жұдырықтай жүректен орын алатын,
Мадақ саған, біз құлымыз Аллаһтың.
Жер жаһанды пәк нұрымен бөлеген,
Пайғамбарға (с.а.с) салауатты төгем мен,
Неткен бақыт үмбетінен саналып,
Арнап жатсам сезімімді өлеңмен.
Қараймын да айналама тамсанамын,
Құстардың көрем дағы ән салғанын,
Табиғатты көркем еткен ұлы Аллаһым,
Әрбір мүмін аңсайды жаннат бағын.
179
Достарыңызбен бөлісу: |