Жанаргүл Қадырова,
Екібастұз қаласы.
АллАғА мАдАқ
«Алладан басқа Тәңір жоқ,
Мұхаммед – оның елшісі».
Құлыңның иман, сабыр тек -
Өзіңнен күтер еншісі.
Құранды ілдім төріме,
Қорғаным қылып сүресін.
Сынақты сәттің бәрінде
Сақтаушым, Алла, бір Өзің!
Қамқор боп, мың сан пәледен,
Пендеңді талай қақтың да:
Жаратқан ием және мен
Оңаша қалған шақ куә.
Жалғызсың! Сенің жоқ теңің!
Серіксіз. Мұңсыз һәм Мықты!
Бағынған сонау көкте Күн -
Бар мақтау саған лайықты!
Жанда жоқ сендік мейірім –
Тіл жетпес ғажап Құдірет...
Түссінші бір рет рахымың,
Ағаттық етсем мың рет.
Қиын да қыстау кезімнің
Сенері - жалғыз сен ғана!
Махаббат деген сезімнің
Ең ғаламаты – Аллаға!
190
Аллаға мадақ
Тағдырға жалғыз Иесің –
Тамыры сендік Жазуда!
Сен менің жүрегімдесің,
Мен – Сенің Алақаныңда!
191
Достарыңызбен бөлісу: |