188
Аллаға мадақ
Жәннәтты мекен қыларсың,
Алланы ғана ойласаң.
Мейіріміне
бөлер кеп,
Сөзіңнен берік таймасаң.
Сүйген құлы боп қаларсың,
Қадіріңді көп шаймасаң.
Иманды
жанның досы көп,
Имансыз күнің қасірет.
Нәпақа берер бір Алла,
Нәпсіңді тиып басып өт.
Құрбаны
болмай құлқынның,
Адалдықпенен кәсіп ет.
Иә, Раббым жалғыз Жаратқан,
Арманымызды асыл ет.
Иманның
беріп байлығын,
Жәннатты бізге нәсіп ет.