Қайрат Дүйсен,
Қазақстан журналистер
одағының мүшесі.
нЕгЕ дЕсЕң АллА ШЕбЕР
Мамырлатып келген сайын мамырым,
Серпіледі уайымым саны мың.
Көктем көктен әкелгендей нәр берер,
Жәннаттағы сұлулықтың жарымын...
– Неге? – десең, Алла шебер, жарығым!!!
Көптен тынбай құйған жаңбыр арқылы,
Гүл біткеннің бой көтерер әр түрі.
Күн көзіне қыздырынып қозы, лақ,
Ұмытылар «құралайдың салқыны»...
– Неге? – десең, Алла шебер, жарқыным!!!
Көктем келіп, көктен түссе найзағай,
Түнгі дала бір жарқ етер айнадай.
Ал, артынан саңырауқұлақ самырлар,
Таң білініп, жасырынса Ай қалай...
– Неге? – десең, Алла шебер, айнам-ай!!!
Күн қыздырып, тау мен қырдың жартасын,
Қыз-қызғалдақ жапса жота арқасын,
Мына әлем асыл нұрға бөленер,
Жасыл қылып өсіргендей Жар шашын...
– Неге? – десең, Алла шебер, қалқашым!!!
Зерттеуді талап етер шындап бір...
Жаратқанның әрбір ісі жұмбақ кіл,
Сау ақылмен терең бойлап барлығын
207
Таңдаулы діни өлеңдер
Пікір қылсаң, құпиясын ымдап тұр...
– Неге? – десең, Алла шебер, қымбаттым!!!
Ұсақ болсын ілінбейтін бармаққа,
Аса ірі болсын, мейлі, салмақта;
Бар мүліктің қожасы, сол, бір Өзі!
Махаббат пен кемелдігі бар затта...
– Неге? – десең, Алла шебер, әр уақта!!!
Жасыл нұрмен көмкерілген мамырым,
Әз түсімен боялады Жарының.
Күллі ғалам Құдайсүйгіш, міндеті –
Көңлін табу адамзаттың бәрінің...
– Неге? Неге? Ойлан жетіп, сабырың!!!
Құл етсе де адамзаттың әз басын,
Халифа қып маңдайыңа жазғасын,
Сүю парыз махаббатпен Иеңді,
Ием бізге адасуды жазбасын!
Мұны тілеп таң атырам өз басым...
Көкпеңбек боп көктем келіп қалды деп,
Мамыражай мамыр жаздың алды деп,
«Шүкіршілік, Жаратқанға!» айтып ем,
Ғашық жүрек дүрсіліне салды кеп...
– Неге? – десең, махаббаттан жанды леп!!!
Намаз, ораза, тәспих, зікір, салауат,
Сосын, пікір әкеледі алау ап...
Хақтың құлы, Мұхаммедтің үмбеті,
Сол алаудан қуат алып саламат...
– Неге? – десең, Алла нұры ғаламат!
Жан жасартып жасыл буы мамырдың,
208
Аллаға мадақ
Тазартты ішін бойдағы бар тамырдың.
Жасыл желек оранып ап күллі әлем,
Көрсетуде мына бізге, Әмір – кім?
– Неге? – десең, Алла шебер, қадірлім!
– Неге? – десең, Алла шебер, қадірлім!
209
Достарыңызбен бөлісу: |