Еңбек құқығының субъектілері ретінде – азаматтар.
Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп тараған
жəне ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқығының субъектісі ретінде
жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік
иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде,
жұмысшыларға, инженерлік-техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс
істейтін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Барлық азаматтарға еңбек құқық
қабілеттігінің жалпы талаптары да таралады, олар: жасына қатысты қойылатын
талап, ерікті жəне əлеуметтік талап.
Азаматтардың еңбек құқығы субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс
жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Əрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның дене
жəне ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Еңбек заңнамасына сəйкес
16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген
жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жас өспірімдерді де жұмысқа алуға
рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем
болмауы тиіс.
Ерікті талап азаматтардың еңбекке жəне кəсіпкерлік қызметке қатысты
ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен əрекет қабілеттігінен
айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды.
Əлеуметтік талап ҚР азаматтарының барлығы үшін еңбек құқық
субъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада барлық еңбекке қабілетті
азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер берілген. ҚР
Конституциясына сəйкес əрбір азамат еңбек ету бостандығына, қызмет пен
кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |