ҚҰҚЫҚ негіздері


  Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар жүйесі, ұғымы



Pdf көрінісі
бет143/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

9.3  Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар жүйесі, ұғымы. 

Еңбекті құқықтық қатынастың пайда болуы, өзгеруі мен тоқтатылу 

негіздері 

Еңбек  құқықтық  қатынаcтар дегеніміз  жұмыскермен жұмыс  беруші   

арасындағы  еңбек  шарты    негізінде    еңбекті    қолдану    жайындағы    заңдық  

қатынастар. Тек  құқықтық  қатынастар  шеңберінде  ғана нақты  азаматтар мен 

басқа    субъектілердің    еңбек    құқықтарының    нормаларында    қарастырылған  

субъективтік  құқықтары  мен  заңдық  міндеттері  арасындағы  байланыс  бола  

алады, Құқықтық қатынастар  субъектілердің  еңбек құқығының  нормаларымен  

реттелетін,  өзара  келісілген  жеке – еріктік  қатынастарын  бекітудің  қажетті  

жəне міндетті  формасы  болып  табылады. Еңбек  құқығы  субъектілерінің  өз 

құқықтарын    жүзеге    асыруға    бағытталған    əрекеттерінің    бір-біріне    деген  

заңды талаптарының  іске  асуы  тек құқықтық  қатынастар  шеңберінде  ғана 

болады. Құқықтық  қатынас  тараптарының  құқықтары мен міндеттерін жүзеге  

асырылуына    мемлекет  кепілдік    береді,  тиісті    жағдайда    мемлекеттің 

қолдауына сүйенуге  болады. 

Субъективтік    құқық    жəне    заңдық    міндеттер  нақты  құқықтық  

қатынастардың    мазмұнын  құрайды  жəне    оларды    жүзеге    асыру    үшін  еңбек  

құқығы  субъектілері  тарапынан  нақты  əрекеттер  болуға  тиіс. Еңбек  құқығы  

саласындағы    құқықтық    қатынастардың    жекелеген    түрлерінде    тараптардың  

субъективтік  құқықтары  мен міндеттері  жұмыскердің  жеке  еңбек шартына  

сəйкес  өзіне  жұмыс  берілуін  талап  етуі  жұмыс  берушінің сондай  жұмыс  

беруге    міндеттілігімен    туындайды,  ол    жұмыскердің    өзі    атқарған    қызметі  

үшін    еңбекақы  алуға    құқығы  жұмыс    берушінің  еңбекақыны  келісілген  

мөлшерде  жəне  мерзімде беріп  тұру жөніндегі  міндетінен туындайды. Еңбек  

құқығында    екі  жақты,  кейбір  жағдайларда  үш    жақты    болады.  Бас  келісімді, 

облыстық  жəне  салалық  келісімдерді  жасағанда үш  жақ қатысады; кəсіподақ  

бірлестігі,  жұмыс    берушілер    бірлестігі    жəне    тиісті    мемлекеттік  орган. 

Құқықтық    қатынастар  регулятивті    болады,  бұл    дегеніміз – олар  еңбек 

құқықтары субъектілерінің  құқықтары мен міндеттерінің  құқықтық  реттеудің 

осы    салаға    тəн  əдістері    негізде    белгілеумен    байланысты    болуы.  Еңбектік  

құқықтық  қатынастардың    ерекшеліктері    еңбек    жағдайын  шартта    белгілеу  

тəртібімен,  еңбектік  құқықтық    қатынастар    туындаған    кезден    бастап  

жақтардың    теңдігі    мен    жəне  жұмыскердің    əрі    қарайғы    еңбек    процесінде  

жұмыс    берушіге    бағынышты    болатындығымен,  еңбекті    ұйымдастыруды  

жəне    қолдануды  орталықтан    нормалау  мен    жергілікті    реттеу  арасындағы 



193 

 

үйлесумен  байланысты. Еңбек құқығы  саласындағы   құқықтық қатынастардың  



мазмұны  тұрақты  болмайды. Республикадағы  экономикалық  реформа  жəне 

нарықтық  қатынастардың  қалыптасуы  жағдайында  еңбек  туралы  заңдар  тез  

өзгеруде,  сондықтан    құқықтық    қатынастардың    сипаты    мен    мазмұны    да  

өзгереді.  Еңбектік құқықтық қатынастары  негізгі болып  табылады,  олар еңбек  

құқықтарының  нормаларымен  реттелетін қатынастар  жүйесінің  өзегі  болып 

саналады.  Тек  осы    еңбектік    құқық    қатынастары  ғана  жұмыс  берушілер  мен  

жалданбалы    еңбек  адамдарының    еңбектік    құқық  қатынастарына    тəн  

ерекшеліктерін  білдіреді. Еңбек  қатынастарымен тығыз  байланысты басқа да  

қатынастардың    ерекшелігі – олар  еңбектік    құқық  қатынастары  объективті 

қажеттіліктен  туындайды,  себебі  əңгіме    жұмыскерлер    ұжымының    бірлескен 

еңбегің    ұйымдастырудың,  адамдардың  өндіріс  процесіндегі  іс-қимылын 

үлестірудің  қажет  екеніні  жайында:  еңбектің    орғалуын    жəне  еңбек 

заңнамасының  сақталуын  қадағалауға  қатысты  қатынастар  еңбекті    қорғау  

туралы  заңдардың  жəне басқа да  нормативтік  актілердің сақталуына жалпы 

жəне  арнайы  мемлекеттік  бақылау  мен  қадағалауды  тұрақты  жүзеге    асыруды  

өндірістің  қажет етіп  отырғандығынан туындайды. Еңбектік құқық қатынастар  

жинақталып    құқық  қатынастарының  еңбек  құқығының    мəнін    құрайтын 

біріңғай  жүйесін  береді. 

Еңбек құқығы  саласындағы құқықтық қатынастар жүйесі: 

а)  еңбектік  құқық  қатынастары;  ə)  жұмысқа  орналастыру  бойынша  

қатынастары;  б)  ұйымдық - басқару    құқық    қатынастары;  в)  жұмыскерлерді  

кəсіби  даярлау    бойынша    құқық  қатынастары;  г)  əлеуметтік-  экономикалық 

қатынастар;  д)  еңбектің  қорғалуын  жəне  еңбек  заңдарының      сақталуын  

қадағалау    бойынша    қатынастары;  ж)  еңбек  дауларын    қарау    бойынша  

қатынастарынан  тұрады. 

Еңбектік  құқық  қатынастарының  олардан  туындайтын  басқа  қатынастар 

мен    өзара    байланыстары – жұмыскерлердің    еңбегін  кəсіпорынның    еңбек  

ұжымы  шеңберінде  ұйымдастыру  жəне  қолдану. Ал олардың айырмашылығы 

–  олар  негізінен  субъективтік    құқықтар  мен  міндеттердің    мазмұны  мен 

сонымен    қатар    туындау,  өзгеру    жəне    тоқтау    негіздері    бойынша  

өзгешеліктермен  байланысты.  

Еңбектік    құқық    қатынастарынан    туындаған    барлық    қатынастар, 

уақыттық  критерийлер    бойынша    үш    топқа    бірігеді: 1) еңбектік  

қатынастардан    бұрын    алған; 2) еңбектік    қатынастар  мен  бірге    жүретін; 3) 

еңбектік    қатынастардан    туындайтын.  Бұрын    болған      құқықтық  қатынастар, 

еңбектік    қатынастардың    алдында    туындап    тоқтайды.  Оларға    жұмыспен  

қамтылу    жəне    жұмысқа    орналастыру    бойынша,  кəсіби    даярлық    бойынша  

құқықтық    қатынастар    жатады.  Бірге    жүретін    құқықтық    қатынастар    еңбек  

қатынастарымен    бірге    туындап,  бірге    жүреді.  Оларға    ұйымдық-басқару  

құқық  қатынастары,  еңбектің  қорғалуын жəне  еңбек  заңдарының  сақталуын  




194 

 

мемлекеттік    қадағалау    жəне    бақылау    бойынша    құқықтық    қатынастар, 



əлеуметтік-экономикалық    қатынастар,  еңбек    дауларын    шешу    бойынша  

қатынастар  жатады. Бірге  жүретін  құқықтық  қатынастардың  қызметтік  рөлі- 

олар    еңбек    қатынастарының    сақталуына    дұрыс    жағдай    тудырады.  Еңбек  

қатынастарынан  туындайтын  құқықтық  қатынастар сол  еңбек  қатынастары  

тоқтаған    кезден    туындайды,  олар    бір    жағдайда    жұмыстан    шығарылған  

жағдайда  материалдық  қамтамасыз  етуге, ал  бір  жағдайда- заңсыз  жұмыстан  

шығарылған  адамды жұмысқа  қайта  орналастыруға  бағыттылық  алады. 

Еңбек    қатынастарына    қатысушылар    өзара      субъективтік    құқықтармен  

жəне    міндеттермен    байланысты,  олардың    орындалуына    мемлекет    заңда  

белгіленген  əртүрлі    шаралар    жəне    міндеттердің    орындалмағаны    үшін  

көзделген    жауаптылық      арқылы    кепілдік    береді.  Еңбек    құқығы    теориясы 

мен    заңнама    еңбектік    құқық    қатынастарына    жақтардың    белгілі  бір    еңбек  

қызметін,  жеке    еңбек  жəне  ұжымдық    шарттар  негізінде    жүзеге    асыру  

барысында    жұмыскер    мен    жұмыс    беруші    арасындағы    туындайтын  

қатынастар  жатады. Еңбек  қатынастарының  мазмұнында – бір  жақ ішкі  еңбек  

тəртібіне  бағына    отырып    белгілі  бір    мамандық,  кəсіп    немесе    лауазым  

бойынша    жұмыс    орындауға    міндетті,  ал    екінші    жақ    оған    заңнамада,  

ұжымдық  шартта  жəне  келісімде  көзделген еңбекақыны  төлеуді  жəне  еңбек 

жағдайын  қамтамасыз    етуге    міндетіне    алады.  Еңбек    құқығының  

нормаларымен    реттелген    еңбек    қатынасы    жақтарының    субъективті  

құқықтары  мен  тиісті  міндеттері  түрінде  байланыстың  заңдық  формасын  

алады.  Екі    жақты    сипаттағы  байланыс    жұмыскер    мен    жұмыс    берушінің  

еңбектік  құқық  қатынастарының  мазмұнын  құрайтын міндеттерін  қамтиды.  

Еңбектік    құқық    қатынастары    азаматты    нақты    кəсіпорынның    еңбек  

ұжымының    құрамына    кіргізуді    қажет    етеді,  сондықтан    сол    ұжымның   

қызметкеріне    айналады.  Еңбек    ұжымына  кіргізу – еңбектік    құқық 

қатынастарының  анықтауыштық  белгісі, ол жұмыскерлердің  еңбек  міндетінің  

сипатына  қарамайды. 

Азаматты  кəсіпорынның  еңбек  ұжымына  кіргізу  фактісі  еңбектік құқық  

қатынастарының  басқа бір  өзіндік  ерекшеліктерімен  байланысты. 

Жұмыс    берушінің    келісімінсіз    жұмыскер    осы    жұмысты    орындай  

алатын    басқа    адаммен  алмастыра    алмайды.  Жұмыскердің    өзіне   

тапсырылған,  мамандықтың,  кəсіптің    немесе  лауазымның    белгілі  бір    түріне 

жататын  еңбек  міндетін  орындауы еңбектік  құқық  қатынастарының объектісі  

болып    табылады. Жұмыскердің еңбек  міндеттерінің  тегін  анықтау еңбектік  

құқық  қатынастарының  өзінше  нышаны, ол  жақтардың  уақытша  міндеттерін   

белгілеумен  байланысты жəне  еңбектік  құқық  қатынастарының  ары  қарайғы  

тағдырына  əсерін  тигізеді.  

Еңбектік   құқық   қатынастарының  жақтарын  кəсіпорынның  ішкі  еңбек 

тəртібіне  бағындыру – еңбектік    құқық    қатынастарына  тəн    белгі.  Еңбек 




195 

 

ұжымы жұмысының ішкі  тəртібінің  ережелерін  сақтау  өндірістің объективтік  



қажеттілігі    болып    табылады,  себебі    ол    жұмыс  уақытын    ұтымды 

пайдаланумен,  жұмысты сапалы  орындаумен  байланысты. 

Еңбек    құқығында    жалақы    жүйесі    жұмыскердің    белгілі    бір  

көрсеткіштерге  сəйкес  жұмсалған  еңбегі  мен  ол  еңбекке  жасалған  төлем   

мөлшері  арасындағы  қатынасты  анықтаудың тəсілі  ретінде  қарастырылады.  

Еңбек  үшін  жалақы түрінде сыйақы  беру  жөніндегі  жақтардың  құқықтары  

мен    міндеттері – еңбектік  құқық    қатынастарының    ажырамас    нышаны. 

Еңбектік  құқық  қатынастарында  ұзақ  мерзімді,  тұрақты  сипаты  бар.  Бұл 

еңбектік  құқық  қатынастарында  жұмыскердің  біржолғы  жұмыс  тапсырмасын 

орындамай,  тиісті  кəсіпке,  мамандыққа  немесе  лауазымға  жататын  белгілі  бір 

еңбек  міндеттің  орындауымен  байланысты.  Еңбектік  құқық  қатынастарының 

ұзақ  уақыттылық  сипаты  оның  мазмұнына,  яғни  жақтардың  құқықтары  мен 

міндеттеріне  байланысты,  олардың  орындалу  мерзімі  бұл  жерде  еш  рөл 

атқармайды.  Өзінің  жұмыс  уақытының  басынын  аяғына  дейін  өзіне  жүктелген 

еңбек  міндетін  атқарады,  ал  үзіліс  кезінде  еңбектік  құқық  қатынастары 

үзілмейді.  Еңбекті  қолданумен  байланысты  азаматтық  құқық  қатынастарында 

жұмысты  орындаушы  кəсіпорынның,  мекеменің,  ұйымның  тізімдік  құрамына 

кіргізілмейді. Ал жақтардың міндеттемесі жұмыстың орындалу процесіне емес, 

оның  ақтық  нəтижесіне  қатысты  белгіленеді.  Тапсырыс  беруші  екінші  жақтан 

өздері алдын ала келіскен нақты- жеке жұмыстың орындалуын талап ете алады, 

тек айрықша жағдайда ғана жұмыскерге  ол жұмысқа қабылданғанда көзделген 

жұмыс тегіне жатпайтын тапсырма жүргізуге жол беріледі. 

Өндірістік  кооперативтер  мүшелерінің  еңбек  қатынастары  Қазақстан 

Республикасының  Президентінің 5.10.1995 ж. «Өндірістік  кооператив  туралы» 

заң  күші  бар  Жарлығымен  жəне  кооперативтің  құрылтай  құжаттарымен,  ал 

кооперативте  жеке  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін  адамдардың  еңбек 

қатынастары-  еңбек  туралы  заңмен  реттеледі.  Кооперативте    жұмыс    істеген   

уақыт еңбек  өтіміне  кіреді.  Ал кооперативте  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс   

істейтін    адамдар    жалдамалы    қызметкердің  еңбек    ұжымын    құрайды.  

Кооперативтік    ұйымдарда    еңбекті    ұйыдастырудың    жеке    қолданудың  

ерекшелігі,  еңбектік  құқық  қатынастары  мүшелікпен  байланысты  кешенді 

қатынастардың  табиғи бөлігі  болып  келеді. 

Еңбектік    құқық      қатынастары    жақтарының    бірқатар    нақты  

өкілеттіліктерінен    жəне    оларға    сай  міндеттерінен    тұрады.  Оларға  жұмыс  

уақыты    мен    демалыс    уақыты,  жалақы,  еңбек    тəртібі,  еңбекті    қорғау, 

материалдық жауаптылық  бойынша  құқықтық  қатыснастар  жатады. 

Еңбектік    құқық    қатынастарының    субъектілері    ретінде,  бір  жағынан  

жұмыс - беруші танылады.  Жақтар  ажырамас  заңдық  қасиет  ретінде  еңбектік  

құқық    субъектілікті    иемденеді    жəне    еңбектік    құқық    қатынастарының  

субъектілері  бола  алады. 




196 

 

Еңбек  қатынастарының  құқықтық  реттеу  тетігі  жақтардың  іс  жүзіндегі  



əрекетінің  еңбек  құқығы  нормаларының  талаптарына  сай  келуін  қамтамасыз  

етуге    бағытталған.  Бұл    нормативтік-құқықтық    міндеттеулерді    еңбектік  

құқық    қатынастары    жақтарының    субъективтік    құқықтары    мен  заңдық  

міндеттеріне  аудару    жолымен    жүзеге    асырылады.  Азаматтар  мен  жұмыс  

берушілердің  негізгі  құқықтарына: азаматтардың  еркін  еңбекке, қызмет түрін  

жəне    кəсіпті    еркін  таңдауға    құқығы;  еңбектің    ыңғайлы    жəне    қауіпсіз  

жағдайына,  дем    алуға,  заңда    белгіленген  ең    аз    мөлшерден    кем    емес  

еңбекақыға    құқығы    кіреді.  Бұл    құқықтарды    нақтылау    жəне  бөлшектеу  

оларды  еңбектік  құқық  қатынастарының  ңақты  субъектілерінің субъективтік  

құқықтарының    қатарына    жатқызады.  Бұл    жағдайда    субъективтік    құқық  

қатынасы    мазмұнының    элементі    ретінде    мына  мүмкіндіктерді  қамтиды: 

жұмыскердің  өзінің немесе  жұмыс берушінің  белгілі бір іс-қимылын, міндетті  

субъектілерден  тиісті    іс-қимылдарды  талап    етуді,  міндеттемені    басқа    жақ  

орындалмаған    немесе    дұрыс    орындамаған    жағдайда  мəжбүрлеу  тетігін  

пайдалануды  қамтиды.  Еңбек  туралы    заң  жұмыскерге    белгіленген    тəртіпте 

жұмыс берушімен жеке  еңбек  шартын  жасауға, өзгертуге  жəне бұзуға, бірдей 

еңбек    үшін    еш    кемітусіз  бірдей  еңбекақы    алуға;  қауіпсіздік    пен    гигиена 

талаптарына    жауап    беретін  еңбек    жағдайына;  егер    өзге    заң    актілеріне  

басқадай    көзделмеген      болса    кəсіпшілер    одағына    немесе    басқа    қоғамдық  

бірлестіктерге    еркімен    мүше    болуға;  демалысқа;  өзінің    еңбек    міндетін  

орындау кезінде денсаулығына  немесе  мүлкіне  келген  зиянды  өндіріп  алуға; 

өтем  жəне кепілдеме  алуға; жақтардың  келісімі  бойынша немесе  сот арқылы  

еңбек  дауларын  шешуге;  жұмыс  берушіден  жеке  еңбек  шартында  екінші  

жақтың    мүддесін    білдіретін    лауазымды    адамның    өкілеттілігін      растауын  

талап    етуге;  ұжымдық    шартты    жасауға  қатысуға    жəне  жұмыс    берушінің 

актілерімен  танысуға, өзінің  кəсіби біліктілігін  көтеруге  құқылы. 

  Субъективтік    еңбек    міндеттері  еңбектік    құқық    қатынастарына  

қатысушы    жақ    ретіндегі    жұмыскердің    тиісті    іс-қимылымен    байланысты. 

Жұмыскердің    міңдетіне:  жеке    еңбек,  ұжымдық    шарттарына    жəне    жұмыс  

берушінің    актілеріне    келісілген    еңбек    міндеттерін    адал  орындау;  жұмыс  

процесінде    жұмыс      берушіге  материалдық  зиян    келтіруіне    жол    бермеу;  

еңбекті    қорғау,  өрт    қауіпсіздігі    жəне    өндірістік    санитария    жөніндегі  

талаптарын орындау;  жеке  еңбек  шартына  сəйкес  өзіне  сеніп  тапсырылған,  

қызметтік,  коммерциялық    жəне    заңмен    қорғалатын    жəне    басқадай    құпия   

болып      табылатын      деректерді    жария    етпеу;  адамдардың    өмірі    мен  

денсаулығына,  жұмыс  беруші  мен  жұмыскерлердің  мүліктерінің  сақталуына  

қауіп    төндіретін    жағдайдың    туындағанын    хабарлау  жұмыскердің    жалпы  

еңбек    міндеттері    кəсіпорынның    ішкі    еңбек    тəртібінің    ережелерінде,  

лауазымдық  нұсқаулар  мен  ережелерде  мамандық  бойынша  анықтамаларда  

нақтыланады. 




197 

 

  Еңбектік  құқық  қатынастарында  ұзақ  уақыттылық  сипат  болғанымен, 



олар    өзгеріссіз    қалмайды.  Өмірдегі    болып    тұратын    жағдайлар  оларды 

туындатады,  өзгертеді      жəне    тоқтатады.  Құқық  теориясында    мұндай    мəн-

жайлар  заңдық    фактілер    деп    аталады.  Ал,  кейбір    фактілердің    болуы  

азаматқа  еңбектік  құқықсубъектілі иемденуіне  мүмкіндік  тудырады. 

  Еңбектік    құқық    қатынастарының    туындауының    өзіндік    ерекше  

негіздемесіне    жеке    еңбек    шарты    жатады.  Бұл    сапада    еңбек    шарты    заң  

актісі,  яғни    еңбектік    құқық    қатынастарын    белгілеу    мақсатында    жасалған 

заңды   əрекет деп  қарастырылады.  Алайда  еңбектік  құқық  қатынастарының 

өзінің  құрамы  жағынан  күрделі  заң  фактісі  негізінде туындайтын  жағдайлар 

да  кездеседі.  Бұл    дегеніміз    еңбектік    құқық    қатынастарының    еңбек    шарты  

жəне қосымша акт  негізінде  туындауы  мүмкін. 

  Жалпы    ереже    бойынша  еңбектік    құқық    қатынастарының    өзгеруі  

жақтардың  келісімі  арқылы  да  болуы  мүмкін. Бұл  ретте ауыстыруға  келісім  

анық    жəне    нақты    көрсетілуі  тиіс.  Өндірісіне  қажеттілік  бойынша    немесе  

өндірістің    тоқтап    қалуына    байланысты    басқа    жұмысқа    уақытша  

ауыстырылған    жағдайларын    басқа    реттерде    уақытша    ауыстыруға    да  

жұмыскердің  келісімі  керек.  Бұл    көрсетілген    жағдайларда    басқа    жұмысқа  

ауыстыру      туралы    ынта    жұмыс  берушіден    шығады.  Егер    еңбектік    құқық  

қатынастарын  өзгерту  туралы  ынта  жұмыскерден  шықса, онда  оған  жұмыс  

берушінің  рұқсаты керек.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет