Қызметкердің денсаулығы не қызметкердің кəсіби даярлығы сəйкес
еместігіне байланысты еңбек шартын бұзу негіздері.
Біліктілігінің жетіспеуі салдарынан жəне өзінің жұмысын жалғастыруына
денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқарып жүрген
лауазымына немесе орындайтын жұмысына сəйкес келмеген жағдайда жұмыс
берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылады. Атқаратын қызметіне
немесе
орындайтын
жұмысына
сəйкессіздік
мынадай
объективтік
мəліметтермен дəлелденуі тиіс: қызметкерлердің жұмыс істеу нормасын
орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны жөніндегі рапорттармен немесе
баяндамалармен, жұмыстағы ақаулар туралы актпен жəне т.б. қолданыстағы
заңдарға сəйкес қызметкердердің кейбір санаттары біліктілік санаттарын иелену
үшін белгілі бір мерзім ішінде аттестациядан өтуі тиіс. Денсаулығына
байланысты жұмыстың сапасына əсер етпесе, оның өзі үшін жəне еңбек
ұжымының өзге мүшелері жəне ол қызмет көрсететін тұлғалар үшін қауіпсіз
болса, қызметкердің созылмалы аурулармен ауруы немесе оның белгілі топ
мүгедегі болуы қызметкерді аталған негіз бойынша жұмыстан босатудың себебі
болмайды. Қызметкердің денсаулық жағдайы медициналық мекеменің
қортындысымен дəлелденуі тиіс.Егер қорытынды болмаса, онда қызметкерді
денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату, құқыққа қайшы болып
табылады.
205
Достарыңызбен бөлісу: |