Қызметкердің еркі бойынша еңбек шартын бұзу негіздері.
Қызметкер жұмыс берушіге бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек
шартын өзінің еркі бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шарты қызметкер мен
жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша ескерту мерзімі аяқталғанға
дейін бұзылуы мүмкін.
Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына
байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген
мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.
Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы
оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жеті күн мерзім өткен соң жұмыс
берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда,
қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте
отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. Қызметкер ескерту мерзімі ішінде
еңбек шартын бұзу туралы өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.
204
Достарыңызбен бөлісу: |