ҚҰҚЫҚ негіздері


Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін еңбек шартын бұзу



Pdf көрінісі
бет156/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін еңбек шартын бұзу. 

Еңбек  туралы  Заңның 26-бабының 9 тармағында  қызметкер  еңбек 

міндеттерін  бір  рет  өрескел  бұзған  жағдайда  жеке  еңбек  шартының  бұзылуы 

көзделген.  Мұндай  заң  бұзушылықтар  тізімі  заңнамада  берілген.  Мысалы, 

қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзғандығына мыналар жатады: 

бір  жұмыс  күнінде  дəлелді  себептерсіз    жұмыста 3 сағат  бойы  болмауы; 

жұмыста болмауға жұмыс берушінің келісімінсіз өз бетімен  еңбек демалысына 

кетуі, жұмысқа келмеген күндерді өз бетімен пайдалану, жеке еңбек шартының 

мерзімі  аяқталғанға  дейін  жұмысқа  шықпауы;  жұмысқа  алкогольдік  немесе 

нашақорлық  масаң  күйде  немесе  өзге  де  уыттық    улану  жағдайында  келуі;  

жұмыс  күні  ішінде  алкогольдік,  нашақорлық,  масаңдық  н\е  өзге  де  жағынан 

улану  жағдайын  туғызатын  заттарды  пайдалану;  қызметкердің  еңбек  қорғау 

немесе  өрт  қауіпсіздігі  не  көліктегі  жүріс  қауіпсіздігі  ережелерін  бұзып,  оның 

жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға əкеп соғуы немесе 

əкеп  соғу  мүмкіндігі;  жұмыс  орны  бойынша  соттың  заңды  күшіне  енген 

үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның ішінде ұсақ заттарды) 

ұрлауы.  Осы  негіздер  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  еңбек  шартын 

бұзуға əкеп соғады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет