Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің түсінігі мен түрлері.
Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларда қызметкердің
өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында төленетін төлемдері
танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы: жалақы еңбектің нəтижесінде
төленсе, кепілдік төлемдер еңбек жəне оның нəтижелері үшін емес, заңдарда
көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді кепілдейді.Кепілдік төлемдер
мынадай жағдайларда беріледі:
- Қызметкердің мемлекеттік н/е қоғамдық міндетттерді орындау кезіндегі
кепілдіктер;
- Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер;
- Біліктілігін арттыруға жəне қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге
арналған кепілдіктер;
- Ұжымдық шарттарды жəне келісімдерді жасау кезінде келіссөздерге
қатысқаны үшін кепілдіктер;
- Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер.
Өтемақылық деп қызметкерге еңбек міндеттерін орындаумен н/е басқа жерге
жұмысқа ауысуы себепті көшуімен байланысты шығындарды өтеу
мақсаттарына ие төлемдер аталады. Түрлері:
- Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін өтемақы төлемдері;
- Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру кезіндегі
өтемақылар;
- Қызметкердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне пайдалануға
байланысты өтемақы төлемдері;
- жұмыс жолда өтетін н/е жүріп-тұру сипаты бар не қызмет ету учаскелері
шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда
қызметкерге өтемақы төлемдері;
- Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері.
218
Достарыңызбен бөлісу: |