Ұжымдық еңбек дауларының түсінігі мен тараптары.
- Ұжымдық еңбек даулары – бұл жұмыс берушінің жəне қызметкерлер
ұжымының арасында ұйымдарда жалақы төлеу мəселесіне, ұжымдық шарттар
мен келісімдерді бекітуге жəне орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы
заңдардың, ұжымдық шарттардың жəне келісімдердің ережелерін қолдану
мəселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер.
- Ұжымдық еңбек дауларының тараптары болып, бір жағынан, жұмыс беруші
(немесе жұмыс берушілердің бірлестігі), екінші жағынан, ұйымның ұжымы
(ұйымдар бірлестігі) табылады. Ұжымдық еңбек дауының тараптары өз
өкілеттіктерін өкілдері арқылы жүзеге асырады. Қызметкерлердің өкілдері
ретінде кəсіптік одақтардың органдары жəне олардың бірлестіктері, ұйым
қызметкерлерінің жиналысында (конференциясында) құрылған қоғамдық
органдар, филиалдар, өкілдіктер танылады. Жұмыс берушілердің өкілдері
ретінде ұйым басшылары немесе ұйымның жарғысына сəйкес өзге де уəкілетті
тұлғалар, жұмыс берушілердің бірлестіктері немесе жұмыс берушінің өзге де
уəкілетті органдары болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |