ҚҰҚЫҚ негіздері


 Əкімшілік жазалау шаралары



Pdf көрінісі
бет191/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

10.8 Əкімшілік жазалау шаралары 

10.9 Əкімшілік-құқықтық режимдер 

 

10.1 ҚР Əкімшілік құқығының түсінігі. Атқарушы билік 

Əкімшілік құқық  Қазақстан Республикасында  атқарушы  билік органдарын 

қалыптастыру мен олардың қызметі барысында пайда болатын, өзгеретін жəне 

тоқтатылатын  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  нормалар  жүйесін  құрайтын 

құқықтың  негізгі  салаларының  бірі  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда, 

əкімшілік  құқық  өз  кезегінде  Қазақстан  Республикасы  арнайы  өкілетті 

мемлекеттік органдары  – атқарушы билік органдары арқылы іске асырылатын, 

мемлекеттік басқарудың құқықтық жағын қарастырады.    

ҚР  Конституциясы  мемлекеттік  билікті  үш  тармаққа  бөледі:  заң 

шығарушы,  атқарушы  жəне  сот  билігі(ҚР  Конституциясы3б./4т.). «Атқарушы 

билік» деген атауының өзі оның қызметін айқындап береді. Атқарушы органдар 

бірінші  кезекте,  қабылданған  заңдар  мен  ҚР  Президентінің  тапсырмаларының 

дұрыс атқарылуын, сондай-ақ еліміздің сот органдарының шығарған шешімдері 

мен  үкімдерін,  қабылдаған  қаулыларының  орындалуын    қамтамасыз  етуі  тиіс. 

Өз  кезегінде  заң  шығарушы,  атқарушы  жəне  сот  билігі  органдарының  өзара 

қарым-қатынасы  мен  өзара  əрекет  ету  мəселелері,  сондай-ақ  Қазақстанның 

атқарушы  билік  органдарының  ішкі  құрылым  мəселелері  мен  қызметінің 

тəртібі,  олардың  құқықтары  мен  өкілеттіктері  де  нормативтік  реттеуді  қажет 

етеді.  Осы  аталған  мəселелердің  барлығы  əкімшілік  құқықтың  нормаларымен 

қамтамасыз  етіледі.  Аталған  нормалармен  реттелетін  құқықтық  қатынастар 

құқық теориясында əкімшілік құқықтық қатынастар деп аталады.  

 

Өзге құқық салаларында қалыптасатын құқықтық қатынастарға қарағанда 



əкімшілік  құқықтық  қатынастар  өзіндік  ерекшеліктерге  ие,  олардың  ең 

маңыздыларына мыналарды жатқызуға болады:  

- біріншіден, құқықтық қатынастардың қатысушыларының кемінде біреуі 

атқарушы  билік  органы  болуы  тиіс.  Мысалы,  жаңа  туған  сəбиді  тіркеу, 

автокөлікті тіркеу немесе есептен шығару, қандай да бір қызметке лицензия алу 



226 

 

мəселелерін  атқарушы  билік  органдары  жүзеге  асырады  жəне  бұл  құқықтық 



қатынастар автоматты түрде əкімшілік құқықтық қатынастар болып табылады. 

 - 


екіншіден,  құқықтық  қатынаста  мемлекеттік  басқару  органының  болуы 

бұл  құқықтық  қатынастардың  императивтілігін  (биліктік-бағынышылық) 

қамтамасыз  етеді,  бұл  ретте  нақ  атқарушы  билік  органы  аталған  құқықтық 

қатынастардың  шарттарын  анықтайды.  Мұндай  құқықтық  қатынастардың 

көпшілігі  атқарушы  органның  бастамасы  бойынша  пайда  болады.  Мысалы, 

салық төлеу, тексеру жұмыстары, айыппұл салу. 

 - 

үшіншіден,  өзге  құқықтық  қатынастарда  субъектілер(яғни  мəртебелері 



бойынша тең) деп аталатын құқықтық қатынастардың қатысушылары əкімшілік 

құқықта  субъектілер  (тек  биліктік  өкілеттіктерге  ие  атқарушы  органдар)  жəне 

объектілер  (жеке  жəне  заңды  тұлғалар,  сондай-ақ  бағынышты  мемлекеттік 

органдар  мен  мемлекеттік  органдардың  биліктік  тапсырмаларын  орындайтын 

бағынышты  болып  табылатын  мемлекеттік  органдардың  бөлімшелері)  болып 

бөлінеді. 

 - 

төртіншіден,  мемлекеттік  тапсырмаларды  бұзған  немесе  құқықтық 



қатынастарға қатысушыларының құқықтары шектелген не оған қысым жасалған 

жағдайда,  құқыққа  қайшы  əрекетке  келесі  бағыттар  бойынша  шағымдануға 

болады: 

 1) 


сот тəртібінде, соның ішінде əкімшілік соттар арқылы; 

 2) 


əкімшілік тəртіпте – жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға 

арыз беру арқылы.   

 

Əкімшілік  құқықтың  қайнар  көздері  материалдық  (тəжірибелік 



жағдайлар),  ғылыми  (ғылыми  доктриналар,  шығармалар,  зерттеулер)  жəне 

нормативтік болып бөлінеді. 

 

Нормативтік  қайнар  көздер  сəйкес  əкімшілік-құқықтық  қатынастарды 



реттемелеуші  нормативтік  актілердің  күрделі  сатылы  (иерархиялық)  жүйесін 

құрайды.  Оларға  келесілер  жатады:  ҚР  конституциясы,ҚР  конституциялық 

заңдары, ҚР Кодекстері (Əкімшілк құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексі ерекше 

орын алады), ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Жоғары Сотының 

Қаулылары(Əкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  заңнаманы  соттардың 

қолдануының  кейбір  мəселелері  туралыҚазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 Нормативтік  қаулысы),  ҚР 

Үкіметінің 

Қаулылары, 

министрліктердің, 

агенттіктердің 

жəне 


ведомствалардың  актілері,  əкімдер  мен  маслихаттардың  шешімдері  мен 

бұйрықтары. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет