224
Ұжымдық еңбек дауларға қатысты құқық ҚР Конституциясында жəне ҚР 1996
жылғы 8-шілдедегі «Ұжымдық еңбек даулары жəне ереуілдер туралы» заңында
бекітілген. Бұл заң қызметкерлердің ұжымдық құқықтары мен мүдделерін
қорғауды жəне ұжымдақ еңбек дауларын шешудің белгіленген тəртібін
кепілдейді.
Ұжымдық еңбек дауларын шешудің келесі кезеңдерден тұрады:
– талаптар қою. Бұл кезеңде еңбек ұжымы ұйымдағы еңбек ақысын төлеу
тəртібін бекіту жəне өзгерту, келісімдерді орындау жəне өзгерту мəселелеріне
қатысты талаптар қояды.
– дауды тараптардың қарауы. Бұл кезеңде жұмыс беруші еңбек ұжымының
талаптарын оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінде қарауға жəне
даудың мəні бойынша келісімге келуге, шешім жəне ұсыныстарын еңбек
ұжымына жазбаша түрде ұсынуға міндетті.
– дауды келісім комиссиясының қарауы. Бұл жұмыс берушінің шешімі еңбек
ұжымын қанағаттандырмаса, осыған жүгінеді.
– ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен шешу (əрқашан бола
бермейді).
– ұжымдық еңбек дауларын еңбек арбитражында қарау. (Ол нақты бір ұжымдық
еңбек дауларын шешу үшін).
Достарыңызбен бөлісу: