223
комиссиясы, еңбек шартының тараптарының өз қалауы бойынша тікелей сотқа
жүгінуге болады. Келісім комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің
ж\е қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады. Келісу
комиссиясының сандық құрамы, жұмыс істеу тəртібі ж\е келісім
комиссиясының өкілеттілігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің
арасындағы келісімі бойынша қызметкерлердің жалпы жиналысында
белгіленеді. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап 7
күндік мерзім ішінде қарайды. Қарау нəтижесі бойынша келісім
комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен баста 3 жұмыс
күннен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі. Жеке еңбек дауларын қарау
жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленген:
- Жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын
бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап 3 ай;
- Басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер н\е жұмыс беруші өз құқығы
бұзылғандығы туралы білген н\е білуге тиіс болған күннен бастап 1 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: