ҚҰҚЫҚ негіздері


Қылмыстық құқықтың міндеттері



Pdf көрінісі
бет216/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

Қылмыстық құқықтың міндеттері 

 

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сəйкес қылмыстық заңдардың міндеттері 



болып: 

 1. 


Адам  мен  азаматтың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды 

мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық 

тəртіп  пен  қауіпсіздікті,  қоршаған  ортаны,  Қазақстан  Республикасының 

конститиуциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің 

заңмен  қорғалатын  мүдделерін  қылмыстық  қол  сұғушылықтан  қорғау 

бейбітшілік  пен  адамзаттың  қауіпсіздігін  қорғау,  сондай-ақ  қылмыстардың 

алдын алу болып табылады. 

 2. 


Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  осы  Кодексте  қылмыстық 

жауаптылық  негіздері  белгілінеді,  жеке  адам,  қоғам  немесе  мемлекет  үшін 

қауіпті  қандай  əрекеттер  қылмыс  болып  табылатыны  айқындалады,  оларды 

жесағаны үшін жазалары мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары 

белгіленеді делінген. 



255 

 

 



Қазақстан  Республикасы  Қолмыстық  кодексінде  қоғамның  саяси, 

экономикалық  жəне  əлеуметтік  өмірінде  орын  алған  сапалық  өзгерістер  еске 

алынған.  Яғни,  азаматтардың  жеке  басы,  олардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын,  заңды  мүдделерін  қорғау  бірінші  кезекке  қойылған. 

Қылмыстық-құқылық  қорғау  объектісінің  қатарына  қоғамдық  тəртіп  пен 

қауіпсіздік  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау,  Республиканың  конституциялалық 

құрылысы  мен  аумақтық  тұтастығын,  қоғам  мен  мемлекеттің  заңмен 

қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен 

адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. Яғни, 

қылмыстық  құқықтың  негізгі  міндеті  қылмыстық  құқықтық  құралдардың 

көмегімен 

заңда 


көрсетілген 

осы 


маңызды 

объектілерді 

қорғау, 

қылмыстылықпен  барынша  пəрменді  күрес  жүргізу  болып  табылады. 

Қылмыстық  заңдарда  көрсетілген  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  Қылмыстық 

кодекс  қылмыстық  жауаптылықтың  негізін  белгілейді.  Яғни,  қылмыстық 

заңдарда  көрсетілген  іс-əрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде 

ғана  жауапқа  тартылады.  Ол  үшін  қылмыстық  заң  жеке  адам,  қоғам  немесе 

мемлекет  үшін  қандай  қауіпті  іс-əрекеттер  қылмыс  болып  табылатынын 

белгілейді  жəне  оларды  кінəлі  түрде  істегендерге  жазалар  мен  өзге  де 

қылмыстық-құқылық  ықпал  ету  шараларын  белгілейді.  Жаңа  Қылмыстық 

кодекс  бұрынғы  кодекске  қарағанда  ізгілік  принципі  бассшылыққа  алына 

отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-əрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан 

оқшауламайтын  жаза  түрлерін  (түзеу  жұмысы,  шартты  жаза,  міндетті  жұмыс, 

шын  жүректен  өкінуіне  немесе  тараптардың  келісімге  келуіне  байланысты 

қылмыстық  жауаптылықтан  босату)  қолануға  кең  жол  ашты.  Мұндай  ізгілік 

ұағидалар қылмыспен күресуге пəрменді əрі тиімді жағдай туғызады. 

 

Қылмыстық  құқықтың  міндеттері  қылмыстылықтың  жағдайы  мен 



деңгейіне  тікелей  байланысты.  Ұзақ  жылдар  бойы  орын  алған  əміршілдік-

əкімшілік,  тоталитарлық  жүйе,  жеке  адамға  табыну,  тоқырау  жəне  қайта  құру 

кезеңдерінде  қылмыстылық  өрши  түсті,  нарықтық  экономикаға  көшудің  қиын 

процестері,  экономикалық  дағдарыстар,  қоғам  мүшелерінің  едəуір  бөлігінің 

өмір  сүру  деңгейінің  қиындауы,  өтпелі  кезеңге  байланысты  қоғамдағы  орын 

алып  отырған  жұмыссыздық,  жоқшылық,  құқық  қорғау,  құқық  қолдану 

органдарының  да  жұмысын  қиындата  түсті,  қылмыстылықтың  сандық  жəне 

сапалық  жағынан  өсу  қарқыны  үдеді.  Бұрын  жұртқа  беймəлім  ұйымдасқан, 

кəсіптік,  банк  жүйесіндегі  қылмыстар  кең  белес  алды.  Жалпы  қылмыстылық 

құрылымында  тұрақты  ұйымдасқан  құлмысты  құрылымдар  жетекші  рөл 

атқаруда.  Ұйымдасқан  топ  пен  қылмыстық  бірлестіктердің  істеген  ауыр 

қылмыстарының  саны  өсе  түсуде.  Кісіні  қасақана  өлтіру,  денеге  ауыр  жарақат 

түсіру, бөтеннің мүлкін қарақшылықпен тонау, ұрлау немесе алаяқтық жолмен 

талан-таражға  салу,  бандитизм,  контрабанда  сияқты  қылмыстардың  саны  арта 

түсті. 



256 

 

 



Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып 

жатқан  кең  көлемдегі  саяси,  экономикалық  жəне  əлеуметтік  шаралардың 

маңызы зор. Экономикалық  реформаны дұрыс жүргізу, нарықтық экономикаға 

кең жол ашылу, өндірістің құлдырауын тоқтатып, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, 

оның  өнімділін  арттыру,  жұмыссыздықты  жою,  қоғам  мүшелерінің  өмір  сүру 

қажеттілігін  тиісті  деңгейге  көтеру,  құқықтық  реформаны  заман  талабына  сай 

іске асыру мемлекеттің алға қойған осы саладағы міндеттерін жүзеге асыруына 

кепілдік береді. 

 

Қылмыстық  заңнын  басты  міндеттерінің  бірі — қылмыстан  сақтандыру 



болып  табылады.  Қылмыстық  құқық  жалпы  жəне  арнаулы  сақтандыру 

функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез-

келген қылмысты істеуге тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға əділ 

жаза  тағайындауды  белгілеу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Арнаулы  сақтандыру 

қылмыстық  заң,  тыйым  салған  əрекет  немесе  əрекетсіздіктерді  істеген  адамға 

қылмыстық-құқықтық  нормалар  арқылы  белгіленген  тиісті  ықпал  ету 

шараларын қолдану ретімен іске асырылады. 

 

Қылмыстық  құқыққа,  сондай-ақ  тəрбиелік  функция  да  тəн.  Қажетті 



қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде əділ қолданылуы, азаматтардың, 

олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыс істеген адамның 

лайықты  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылуы  азаматтарды  заңды  құрметтеуге 

тəрбиелейді жəне олардың заңға деген сенімін арттырады. 

 

Қылмыстық  құқыққа  тəн  тағы  бір  функция  бар.  Ол – көтермелеу 



функциясы. Мұндай функция азаматтардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы 

белсенділігін арттырады. Қылмыстық заңдарда мемлекеттің, қоғамның мүдесін, 

өзінің немесе басқаның мүддесін қорғауға, мысалы, қажетті қорғану, мəжбүрлі 

қорғану,  мондай  –ақ  пара  берген  адамның  осы  жаына  шын  жүректен  ерікті 

түрде млімдемесі болса, олар қылмыстық жауапқа тартылмайды деген нормалар 

бар.  Бұл  нормалар  көтермелеу  функциясының  нақты  қолданылатындығын 

көрсетеді. Қылмыстық заң, сондай-ақ, қылмыстық саясатты жүзеге асырудың да 

құралы  болып  табылады.  Қылмыстық  саясат  əлеуметтік  саясаттың  бір  бөлігі, 

оның  негізгі  мазмұны – қылмыстық  заңдарды  қолданудың  міндеттерін, 

қылмыстан  сақтандырудың  тиімді  жолдарын  табу,  қылмыспен  күресуде 

заңдылық  принциптерін  қатаң  сақтау.  Ауыр  қылмыс  істегендерге  қолданылуға 

жататын  қылмыстық  құқықтық  шараларды  жетілдіру,  ал  керісінше  қоғамға 

онша  қауіпті  емес  қылмыстарды  істегендерге  қоғамнан  оқшауламай-ақ 

қолдануға жататын шараларды белгілеу болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет