ҚҰҚЫҚ негіздері


Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші



Pdf көрінісі
бет219/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші 

 

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші Қылмыстық кодекстің 6-бабындағы 



(аумақтық), 7-бабындағы  (азматтық), 8-бабындағы  (қылмыскерді  ұстап  беру 

туралы  халықаралық  шарт)  принциптеріне  сəйкес  жүзеге  асырылады. 

Қылмыстық  кодекс 6,7,8-баптарда  бекітілген  осы  принциптердің  кеңістіктегі 

қолданылуын жүзеге асыру үшін мынадай түсініктерді анықтап алу қажет: 

-  Қазақстан  Республикасының  аумағы; 2) Қазақстан  Республикасының 

қылмыстық заңы 

қолданылатын  жерлер  мен  объектілер; 3) қылмыс  істелу  орны; 4) шет 

мемлекеттердің    дипломатиялық  өкілдерінің  жəне  иммунитетті  пайдаланатын 

өзге  де  азаматтарының  жауаптылығы ; 5) қылмыскерді  ұстап  беру  туралы 

халықаралық  шарт  туралы.  Қылмыстық  кодекстің 6-бабының 4-бөлігінде 




262 

 

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адамдарға, республика 



қылмыстық заңы ережелерінің қолдану шарты көрсетілген. Бұл бапта: 

-  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қылмыс  жасаған  адам  осы  Кодекс 

бойынша жауапқа тартылуы тиіс. 

- Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не 

аяқталған əрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп 

танылады.  Осы  Кодекстің  күші  Қазақстан  Республикасының  құрлықтық 

шнльфінде  жəне  ерекше  экономикалық  аймағында  жасалған  қылмыстарға  да 

қолданылады. 

- Қазақстан Республикасының портына  тiркелген, Қазақстан Республикасының 

шегiнен  тыс  ашық  су  немесе  əуе  кеңiстiгiнде  жүрген  кемеде  қылмыс  жасаған 

адам,  егер  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  шартында  өзгеше 

көзделмесе,  осы  Кодекс  бойынша  қылмыстық  жауапқа  тартылады.  Қазақстан 

Республикасының  əскери  кораблiнде  немесе  əскери  əуе  кемесiнде  қылмыс 

жасаған  адам  да,  оның  қай  жерде  болуына  қарамастан,  осы  Кодекс  бойынша 

қылмыстық жауапқа тартылады.  

-  Шет  мемлекеттердiң  дипломатиялық  өкiлдерiнiң  жəне  иммунитеттi 

пайдаланатын  өзге  де  азаматтардың  қылмыстық  жауаптылығы  туралы  мəселе 

осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда 

халықаралық құқық нормаларына сəйкес шешiледi делінген. 

Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы  «Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  шекарасы  туралы»  заңының 1-бабына  сəйкес 

Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы жəне əуе кеңістігі 

шегін  айқындайтын  сызық  жəне  осы  сызық  бойынша  өтетін  беткі  қабат 

құрайды. Ашық теңізде жүзіп немесе оның əуе кеңістігінің үстінде ұшіп жүрген 

əскери  емес  корабльдер,  ұшақтар  немесе  қандай  жерде  тұрғанына  қарамастан 

Қазақстанның  əскери  ұшақтары  Республика  аумағының  бір  бөлігі  болып 

табылады.  Оларға  да  Республика  Қылмыстық  заңының  күші  қолданылады. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасы  аумақтың  (су,  жер,  əуе 

кеңістігінің)  заң  жүзінде  баянды  етілген  кеңістігі  шегінде  қарастырылады. 

Құрғақ  аумаққа  Қазақстан  Республикасының  жер  бедерінің  сипатты  нүктелері 

мен  сызықтары  жатады.  Су  аумағына  Республиканың  ішкі  суларынан  басқа, 

аумақтық  теңіз  жағалауындағы  теңіз  сулары,  олардың  тиесілі  ені  жатады. 

Қазақстан  Республикасының  əуе  кеңістігі  аумағына – Қазақстан  Республикасы 

құрғақ  немесе  су  аумағы  үстіндегі  берілген  аспан  кеңістіктері  жатады.  Жер 

қойнауына  мемлекеттік  шекарамен  белгіленген  құрғақ  немесе  су  кеңістігі 

астындағы  аумақтар  жатады.  Жер  қойнауының  тереңдігіне  Қазақстан 

Республикасында  ешқандай  шек  қойылмайды.  Қазақстан  Республикасының 

қылмыстық  заңының  күші  Республиканың  кез-келген  аумағында  немесе 

объектілерінде  істелген  іс-əрекеттің  бəріне  де  қолданылады.  Егер  қылмыс 

Қазақстан  Республикасының  портына  тіркелген  жəне  Республика  шегінен  тыс 




263 

 

ашық су немесе əуе кеңістігінде жүрген, бірақ шет мемлекеттердің жерінде емес 



кемеде  істелсе,  ал  əскери  корабльде  немесе  əскери  əуе  кемесінде  қылмыс 

жасаған  адам  олар  қай  жерде  тұрса  да  онда  ол  Қазақстан  Республикасының 

аумағында  қылмыс  істеген  деп  танылып,  мұндай  адамдар  қылмыстық  жауапқа 

Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексі  бойынша  тартылады. 

Республика  аумағында  Қазақстанға  тиесілі  Каспий  теңізі  суларының  үстіңгі 

жəне  астыңғы  кеңістігі – құрлықтық  шельфі,  сондай-ақ  ерекше  экономикалық 

аймақтар  да  жатады.  Қазақстан  Республикасының  шет  мемлекеттердегі 

елшіліктері, өкілдері орналасқан жер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

жалауымен  жүрген  елшілері  мен  өкілдерінің  автокөліктері  Қазақстан 

Республикасының аумағына жатады. 

Егер  қылмыс  істеуге  даярланғандық  немесе  қылмыс  істеуге  оқталғандық 

шекарадан  тысқары  жерде  жүзеге  асырылып,  ол  біздің  елімізде  аяқталса,  онда 

қылмыс Қазақстан Республикасыаумағында істелген деп табылады. Сондай –ақ, 

қылмысқа  қатысу,  қылмыс  істеуді  ұйымдастыру  немесе  қылмысқа 

азғырушылық əрекеттері үшін де жауаптылық дəл осындай тəртіппен шешіледі. 

Екі  немесе  одан  да  көп  мемлекеттің  аумағында  істелген  қылмыс  үшін 

жауаптылық қылмыс аяқталған немесе қылмыс  тоқтатылған  мемлекеттің  заңы  

бойынша    жүзеге    асырылады.  Қылмысты  ұйымдастырушы,  айдап  салушы 

немесе  көмектесуші  шет  елде,  орындаушы  Қазақстан  Республикасының 

аумағында  іс  - əрекет  істесе  немесе  қылмысқа  қатысу  Қазақстан 

Респуьбликасының  аумағында,  ал  қылмысты  орындау  шет  елде  орын  алса, 

қылмыс  Қазақстан  Республикасының  аумағында  істелген  деп  танылады. 

Қылмыстық  кодекстің 6 – бабының 4-тармағына  сəйкес  қолданылып  жүрген 

заңдар  бойынша  жəне  халықаралық  шарттар  бойынша  қылмыстық  істер 

Қазақстан  Республикасының  соттарында  қаралуға  жатпайтын  шет  елдік 

мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен иммунитетті пайдаланатын өзге де 

азаматтардың  қылмыстық  жауаптылығы  жағдайындағы  мəселе  бұл  адамдар 

Қазақстан  Республикасы  аумағында  қылмыс  істеген  болса  халықаралық  құқық 

нормаларымен шешіледі. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағында 

дипломатиялық жəне консулдар өкілдіктері туралы ережеге сəйкес жеке басына 

қол  сұқпайтындығы  иммунитетімен,  дипломатиялық  өкілдіктердің  басшылары 

(елші,  өкіл,  сенімді  өкіл),  кеңесшілер,  сауда  өкілі  жəне  оның  орынбасары, 

əскери,  əскери  – теңіз,  əскери - əуе  атташелері  жəне  олардың  көмекшілері, 

бірінші,  екінші  жəне  үшінші  хатшылар,  архивариус    –  хатшылары,  олардың 

өздерімен  бірге  тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасының    азаматы  болып 

танылмайтын  отбасы  мүшелері  пайдаланады.  Бұл  санаттағы  адамдардың 

қылмыстық  істері  Қазақстан  Республикасы  соттарында  қаралуға  жатпайды. 

Мемлекеттердің  өзара  келісімі  бойынша  консулдық  лауазым  адамдары 

қылмыстық  жауаптылық  туралы  шекті  иммунитет  құқығын  пайдаланады. 

Мұндай  эксаумақтық  құқықтарын  пайдаланатын  адамдардың  тізімі  мүдделі 




264 

 

жақтардың  өзара  келісімі  бойынша  белгіленеді.  Эксаумақтық  құқығы 



дипломатиялық  өкілдердің  қызмет  немесе  тұрғын  жайларына,  қатынас 

көліктеріне  де  қолданылады.  Əрине,  мұндай  құқық  дипломатиялық  өкілдердің 

қызметтеріне  өз  иммунитеттерін  пайдаланып,  заңсыз  əрекет  істеуіне 

жолбермейді. Осындай иммунитетті  – атақты пайдаланып, қылмыс  жасағандар 

персона нон грата (жарамсыз адам) деп жарияланады. Оларға белгілі бір уақыт 

ішінде  Қазақстан  Республикасы  аумағынан  кету  талап  етіледі.  Қылмыстық 

кодекстің 7 – бабында  Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерлерде 

қылмыс  жасаған  адамдарға  қылмыстық  заңның  қолданылуы  туралы  анықтама 

берілген. Осы бапта: 

1.  Қазақстан  Республикасының  шегiнен  тыс  жерлерде  қылмыс  жасаған 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  егер  олар  жасаған  əрекет  ол 

аумағында  жасалған  мемлекетте  қылмыс  деп  танылса,  егер  бұл  адамдар  басқа 

мемлекетте  сотталмаған  болса,  осы  Кодекс  бойынша  қылмыстық  жауапқа 

тартылады.  Аталған  адамдарды  соттау  кезiнде  жазаны  аумағында  қылмыс 

жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға 

болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.  

      2.  Басқа  мемлекеттiң  аумағында  қылмыс  жасаған  адамның  соттылығының 

жəне  өзге  де  қылмыстық-құқықтық  зардаптарының,  егер  Қазақстан 

Республикасының  халықаралық  шартында  өзгеше  көзделмесе  немесе  басқа 

мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне 

қатысты  болмаса,  бұл  адамның  Қазақстан  Республикасы  аумағында  жасалған 

қылмысы  үшiн  қылмыстық  жауаптылығы  туралы  мəселенi  шешу  үшiн 

қылмыстық-құқықтық мəнi болмайды.  

      3.  Қазақстан  Республикасының  одан  тыс  жерлерде  орналасқан  əскери 

бөлiмдерiнiң  əскери  қызметшiлерi  шет  мемлекеттiң  аумағында  жасаған 

қылмысы  үшiн,  егер  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  шартында 

өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.  

      4.  Қазақстан  Республикасының  шегiнен  тыс  жерлерде  қылмыс  жасаған 

шетелдiктер  қылмысы  Қазақстан  Республикасының  мүдделерiне  қарсы 

бағытталған  жағдайларда  жəне  Қазақстан  Республикасының  халықаралық 

шартында  көзделген  жағдайларда,  егер  олар  басқа  мемлекетте  сотталмаған 

болса  жəне  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қылмыстық  жауапқа 

тартылса,  осы  Кодекс  бойынша  қылмыстық  жауапқа  тартылуға  тиiс  делінген. 

Қазақстан  Республикасы  қылмыстық  кодексінің 8-бабында  қылмыс  істеген 

адамды  ұстап  беру  мəселесі  келтірілген.  Осы  бапқа  сəйкес  шет  мемлекет 

аумағында  қылмыс  істеген  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  егер 

халықаралық  шартта  өзгеше  белгіленбесе,  сол  мемлекетке  ұстап  беруге 

болмайды. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде қылмыс істеген 

Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  шетел  азаматтары  немесе 

азаматтығы  жоқ  адамдар  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  шартына 




265 

 

сəйкес қылмыстық жауапқа тарту үшін шетел мемлекетіне ұстап берілуі мүмкін. 



Мұндай  халықаралық  келісімдер  Қазақстан  Республикасы  мен  Моңғолия 

арасында 1993 жылы 14 қаңтарда бекітілген. Қазақстан Республикасы көптеген 

мемлекеттермен осындай шарт жасасқан. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет