Қылмыстық құқықтың принциптері
Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық
жəне тəрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық
принциптерді сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.
257
Қылмыстық-құқықтық принциптер – заң шығарушыға, ғылымға, құық
қорғау жəне қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес
жүргізу саласындағы қажетті, негізгі жəне міндетті ережелердің көрінісі болып
табылады.
Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық
заңның құқық қолдану тəжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында
да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық
талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі – Республика
Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқытың жұрт таныған
принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.
Қазақстан
Республикасы
Конституциясының 4-бабынаң
үшінші
тармағында Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика
заңдарынан басымдығы болады деп көрсетілген. Адам құқықтары жөніндегі
1948 жылғы Жалпыға бірдей декларация, 1986-1989 жылғы Вена келісімі,
наркоманияға жəне террорлық актіге қарсы күрес туралы халықаралық
Конвенция жəне осы сияқты басқа да халықаралық құжаттар халықаралық
аймақта істелетін қылмыстар үшін жауаптылық белгілейді. Мысалы: 1986
жылғы Вена келісімінде көптеген халықаралық қылмыстық құқықтық номалар
белгіленіп, кеңеске қатысушы елдерге ұсынылған. Осы келісімнің «Қағидалар»
деген тарауының баптарында террорлыққа қарсы күрес, 23-бабында БҰҰ
қабылдаған тұтқындармен қарым-қатынастың төменгі стандартты ережелерін
сақтау; сондай-ақ БҰҰ бекіткен лауазымды адамдардың құқық тəртібін
сақтаудағы мінез-құлқы жөніндегі Кодекс туралы; -бабында адамды оның
қықығын бұзатын психатриялық немесе басқадай дəрігерлік тəжірибеден
қорғау; 24-бабында өлім жазасын қолдану туралы қылмыстық заңды қолдану
жөніндегі ұсыныстар туралы мəселелер көрсетілген.
Тəуелсіз Қазақстан Республикасы осындай халықаралық құқық
нормаларын қастерлейді жəне осындай халықаралық шарттар Республикада
бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алынады. Заңдылық қағиданың екінші
бір талабы – қылмыстық заңның Конституциялық заңға негізделуі болып
табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз
басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конситуцияның ең жоғарғы заңдық күші бар
жəне Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (4-бап, 2-
тармақ). Заңдылық принциптерінің тағы бір талабы "арнайы заңда
көрсетілмейінше қылмыс та, жаза да жоқ" деген тұжырымға негізделген.
Заңдылық принциптерінің осы талабына сəйкес жазба, жария түрде
қабылданған қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болуға
тиіс. Барлық қылмыстық-құқықтық нормалар бірыңғай жүйеге келтіріліп,
Қылмыстық кодекске біріктірілуі қажет. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін
өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс (ҚК-
нің 1-бабы).
258
Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚК-тің
9-бабы 1-бөлігі). Адамның ойы, пиғылы, дүние танымы, көзқарасы
Конституциялық нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-
əрекетпен ұштаспаса қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті,
қылмыстық заңға қайшы, кінəлі іс-əрекеттер заң шығарушы орган арқылы
қылмыс деп табылады. Қылмыс пен жаза туралы мəселелер қылмыстық
заңдарда тікелей көрсетіледі жəне оларға тиісінше заңдық анықтамалар
беріледі. Қылмыстық заңда арнайы көрсетілмеген реттерде адамның іс-əрекеті
қылмысқа жатпайды. Қылмыс жоқ жерде жаза да болмайды.
Қылмыстық құқықтың екінші бір принципі – азаматтардың заң
алдындағы
теңдігі
болып
табылады.
Қазақстан
Республикасы
Конституциясының 14-бабының 1-тармағында – заң мен сот алдында жұрттың
бəрі тең деп аталған. Қылмыс жасаған адам оның тегіне, əлеуметтік,
лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, нəсіліне, ұлтына, саяси сеніміне,
жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатысына, кəсібінің түрі мен сипатына,
сондай-ақ тұрғылықты жеріне жəне басқа да жағдайларына қарамастан
жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың қылмыстық заң алдындағы теңдігі
істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тартылуы болып
табылады. Бұл жерде заң алдындағы теңдікті бір түрлі қылмыс істеген кінəлі
адамдардың барлығына бірдей етіп жаза тағайындау деп түсінбеу қажет. Жаза
кінəлінің қылмысының ауырлығы мен түріне, оның жеке басының қасиеттеріне,
жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін мəн-жайларға байланысты
дараланып тағайындалады. Қылмыс істеген адам тек қана қылмыстық заңда
көрсетілген негідзерге сəйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан
босатылуы мүмкін. Жасы кəмелетке толмағандар жəне жүкті немесе емшекте
жас балалары бар əйелдерге, кəрі адамдарға қылмыс істеген басқа субъекттерге
қарағанда ізгілік қағидасы басшылыққа алына отырып, жеңілдеу жаза
тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі – жауаптылықтан
құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша əрбір кез келген адам
лауазымдық жəне басқа да жағдайларға қарамастан, өзі істеген қылмысы үшін
сөзсіз міндетті түрде жауапты болады. Яғни қолымен істеген қылмысты
мойнымен көтереді. Бұл үшін қылмыстық құқықтық жауаптылықты белгілейтін
заң нормалары тайға таңба басқандай анық түсінікті болуы керек. Сөйтіп ол
істелген қылмыс үшін нақты жауаптылықты анықтауы керек. Жауаптылықтан
құтылмайтындық қағидасының жүзеге асырылуы үшін бұл өте қажет. Сондай-
ақ осы принциптің жүзеге асырылуы құқық қоғау жəне құқық қолдану
органдарына үлкен міндет жүктейді.
Қылмыстық заңның төртінші принципі – жеке жауаптылығы қағидасы
болып табылады. Адам өзінің кінəсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті
əрекеттер (əрекетсіздік) жəне бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана
259
қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл принципке сəйкес адам өзінің жеке істеген
немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның
өзі дербес, жеке жауапты болады. Жеке жауаптылық принципіне сəйкес
қылмыстың субъектісі болып, есі дұрыс, зңда белгіленген жасқа толған жеке
адам танылады. Мұндай тұлғаны қылмыстық құқықта қылмыстық субъектісі
деп атайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі заңды тұлғаларды
қылмыс субъектісі деп танымайды. Материалдық, моральдық немесе басқа
жағынан келтірілген зияндары үшін тек азаматтар ғана қылмыстық заңға сəйкес
жауапқа тартылады.
Қылмыстық құқықтың бесінші принципі кінəлі жауаптылық принципі
болып табылады. Бұл қағиданың мəні сол, кінəсіз қылмыс та болмайды дегенді
білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-əрекетінде кінə
болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-əрекетіне
қасақаналық немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық қатынасы
жатады. Іс-əрекеттің зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінəсіз жағдайда
істелсе, ол қылмыс болып табылмайды. Жазықсыз зиян келтіру – қылмыс емес,
оқыс оқиға болып саналады (ҚК-нің 23 -бабы).
Кінəнің түсінігі Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің арнаулы
баптарында берілген (19,20,21,22-баптар).
Қылмыстық құқықтың алтыншы принципі əділеттік принципі болып
тыбылады. Бұл принциптің мəні сол қылмыстық жауапқа жəне жазаға іс-
əрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.
Негізсіз, дəлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл қағиданың
жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің əділ болуы жəне
істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның жəне қылмыстық-құқық
ықпал ететін өзге шаралары соған сай əділ болуы керек. Қоғам мүшелерінің,
халықтың шын еркін білдіретін мүддеге сай қабылданған заңдар ғана əділетті
болып табылады. Қылмыстық заңды қабылдау кезінде кеткен ағаттықтар,
қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді дер кезінде қылмыс қатарына қоспау немесе
ондай қоғамға қауіптілігі жоқ іс-əрекеттерді қылмыс қатарынан алып тастамау
да заңның əділетсіздігін көрсетеді. «Маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті
емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмейтін
қылмыстар» деген Қылмыстық кодекстегі (9-бап, 2-бөлігі) қағиданы
басшылыққа алып, қылмыстық заңның қолданылуындағы əділетсіздіктерге жол
берілмеуі керек. Қылмыс құрамының барлық белгілері бар əрекет қылмыстық
жауаптылықтың негізі болуы тиіс. Əділеттілк қағидасының жүзеге асырылуы
əділ жаза тағайындауға тікелей байланысты. Соттар əділ жаза тағайындау үшін
қылмыс істеген кінəлі адамға жазаны даралауға негіз беретін: іс-əрекетінің
қоғамға қауіптілігінің мəні мен дəрежесін, кінəлінің жеке басын, жауптылықты
жеңілдететін жəне ауырлататын мəн-жайларды, қылмыстың істелуінің
260
себептерін есепке ала отырып, оның түзелуіне жəне қайтадан қылмыс
істемеуіне қажетті жəне негіз болатын, əділетті жаза тағайындауы керек.
Əділеттік принципі бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап
қылмыстық жауапқа жəне жазаға тартуға болмайды (3-бап).
Қылмыстық құқықтағы тағы бір принцип – ізгілік принципі болып
табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстық заң
арқылы азаматтардың жеке басын, олардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.
Жаңа Қылмыстық кодекстің 2-бабында адам мен азаматтың жеке
басы,олардың құқықтары мен бостандықтары қылмыстық құқық қорғайтын
обьектілердің ең алғешқыларының бірі ретінде көрсетілген.Қылмыстық заң
əрбір азаматқа қажет болған жағдайда қорғануға құқық береді, іс-əрекеттің
қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар қылмыс болып саналмайды. Қылмыстық
заңның бұл нормасы əрбір азаматтың əлеуметтік белсенділігін арттыруға өзінің
Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мүддесін батыл қорғауға
тікелей жағдай туғызады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде
азаматтардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын, олардың Конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған арнаулы тараулар бар.
Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі – қылмыстық заңды бұзған
адамдарға да қолданылады.Қылмыстық жазаның мақсаты əлеуметтік
əділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталғандарды түзеу болып табылады.
Жаза тəн азабын шектіруді немесе адамдардың адамгершілік намысына тиіп,
қадір-қасиетін қорлау мақсатын көздемейді. Жаза жүйелерінің көпшілігі
сотталған адамды бас бостандығынан айырмайтын жаза түрлерінен құралған.
Ату түріндегі өлім жазасы заңда көрсетілген реттерде ерекше ауыр қылмыстар
үшін ғана қолданылады. Қылмыстық заң ізгілік қағидасын басшылықа ала
отырып, қылмысты он сегіз жасқа толмай істеген адамдарға, сондай-ақ
əйелдерге жəне сот үкімі шығарған сəтте 65-ке толған еркектерге ату жазасы
тағайындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |