процессуалдық өкілеттіктері Қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген. .
жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң
- тергеу iсiн жүргiзудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді
319
- заңда көзделген жағдайларда тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден
шеттете алады;
- өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы
органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алады жəне алдын ала
тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу
бөлiмшесiне бередi;
- аяқталған қылмыстық iстердi прокурорға жолдай алады.
Сонымен қатар, тергеу бөлiмiнiң бастығы қылмыстық iс қозғауға,
қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне алуға жəне бұл орайда тергеушiнiң
өкiлеттiгiн пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргiзуге немесе
сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге құқығы бар.
Тергеу бөлiмi бастығының өкілеттіктері тергеушінің дербестігін шектей
алмайды. Тергеуші тергеу бөлімі бастығының нұсқауларымен келіспеген
жағдайда прокурорға шағым түсіре алады, осы арқылы тергеуші өкілеттігінің
тұтастығына жəне оған берілген құқықтардың толық жүзеге асуына кепілдік
береді.
Тергеу бөлімі бастығының процессуалды өкілеттігін екі түрге бөле аламыз.
Бірінші түрге, нақты қылмыстық істі тергеудегі проуессуалдық бақылау
тəсілдері жатады. Екіншісін, оған бағынышты тергеушілерді процессуалды
басқаруға бағытталған тəсілдер құрайды.
Тергеуші. Қылмыстарды тез жəне толық ашу, кінəлілерді əшкерелеу
міндеттерін шешуде, қылмыс жасағаны үшін міндетті түрде жауапкершілікке
тарту қағидасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде тергеуші елеулі роль
атқарады. Тергеушінің ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, ішкі істер
органдарының жəне қаржы полициясының лауазымды тұлғасы ретіндегі іс-
əрекетінің мазмұны қылмыстылықпен күресу міндеттерімен анықталады.
Тергеуші анықтау органының жедел қызметкерлерімен əрекеттесе отырып,
анықталған қылмыстарды ашу жөніндегі жұмысқа бірінші болып кіріседі.
Қылмыстылықпен күресудің тиімділігі көбінесе оның бастамашылығына, кəсіби
даярлығының деңгейіне, моральдық қасиеттеріне байланысты. Бірақ, тергеуші
сонымен қатар заңға қызмет етеді. Оның алдын ала тергеуді жүргізу жөніндегі
барлық
іс-əрекеті
қатаң
түрде
заңға
бағындырылған.
Қылмыстық процессуалдық заң қылмыстарды ашуға жəне оларды жасаған
тұлғаларды əшкерелеуге бағытталған қандай да бір əрекеттерді жүзеге асыру
тəртібін реттей отырып, тергеушінің өкілеттіктерінің көлемін, оның құқықтары
мен міндеттерін бекітеді.
ҚР ҚІЖК-ң 64-бабына сəйкес: Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс
бойынша алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді
жүзеге асыруға уəкiлеттiк берiлген лауазымды адам: арнайы прокурор, iшкi
iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi
жəне қаржы полициясы органдарының тергеушiсi деп белгіленген.
320
Тергеуші істің мəн-жайын жан-жақты, толық жəне объективті зерттеуге
барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін, оған
қатысты жеткілікті дəлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып
тағу, заңға сəйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын
жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
ҚР ҚІЖК 64-бабына сəйкес тергеуші, заңда прокурордың санкциясынан
немесе соттың шешімінен алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің
бағыты мен тергеу іс - əрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес
қабылдайды жəне олардың заңды жəне уақытылы атқарылуы үшін толық
жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық
жауаптылыққа əкеп соқтырады. Сонымен қатар, тергеулік іс əрекеттер жүргізу
барысында
ешбір
адамның
қадір-қасиетіне
қол
сұғылмауы
керек.
Барлық тергеулік іс əрекеттер заңға сəйкес жүргізілуі керек. Себебі, Ата
заңымыздың 17-бабында: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға,
басқадай қатігездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жəбір
көрсетуге не жазалауға болмайды» - деп тікелей көрсетілген. Өкінішке орай,
кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл норманы көп жағдайда
сақтай бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: