Прокуратура. Прокуратура - заңның дəлме–дəл жəне біркелкі орындалуын
қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық
мəртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тəртібі жəне прокурорлардың
өкілеттілігі
Қазақстан
Республикасының
Конституциясымен
бірге,
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21
желтоқсандағы Заңымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің
жекелеген қырларын реттейтін əрі шектейтін заңдармен, сондай–ақ Бас
Прокурордың бұйрықтармен реттелген. Қазақстан
Республикасы
Конституциясының 83-бабына
сай: «Прокуратура
мемлекет
атынан
Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті
жарлықтарының жəне өзге де нормативтік құқықтық актілердің дəлме-дəл əрі
біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің,
əкімшілік жəне орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды
жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде
шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген
жағдайда, тəртіпте жəне шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады».
Прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды
адамдардан тəуелсіз жүзеге асырады жəне Республика Президентіне ғана есеп
береді.
Қазіргі прокуратураның құрылымына келетін болсақ, төменгі
прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға жəне Республиканың Бас
Прокурорына бағына отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды.
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы заңының 4-бабында
прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны
айқындалған:
315
1) Конституцияның, Заң актiлерiнiң жəне Республика Президентi актiлерiнiң
бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
2) жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, əкiмшiлiк жəне
атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
3) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға
жəне басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
5) заңда белгiленген тəртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге
асырады;
6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн жəне
жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы
қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика жəне
арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге
асырады.
Қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурордың төмендегідей өкілеттіктері
заңда белгіленген:
- жүргiзiлетiн тексерiс мəселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды
адамдарды шақыруға жəне олардан айғақтар алуға;
- қызметтiк куəлiгiн көрсетiп, мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ
меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына
кедергiсiз кiруге;
- жүргiзiлетiн тексерiс мəселелерi жөнiнде банктерден жеке жəне заңды
тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктiк жəне
заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мəлiметтердiң жариялануға
болмайтын талаптарын сақтай отырып, мəлiметтер алуға;
- жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан
жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырып, олардың нəтижелерi туралы хабар
берiп отыруды талап етуге;
- басшылардан жəне басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-
күйi жəне оны қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi құжаттарды, материалдарды,
статистикалық ақпаратты алуға;
- тексерiске қатысу жəне қорытынды беруi үшiн мамандарды тартуға;
- прокуратураға түскен материалдарға, арыздарға өзiнiң құзыретiне сəйкес
тексерiс жүргiзудi талап етуге жəне бұлардың нəтижелерi туралы хабарлауды
мiндеттеуге;
- қауiпсiздiктi жəне қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi
жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;
- сараптамалар тағайындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да тексерiс
əрекеттерiн жасауға құқылы.
Тексерiс нəтижелерi бойынша прокурор:
316
1) наразылық енгiзедi;
2) заң бұзушылықты болдырмау жөнiнде ұйғарым бередi;
3) қылмысты iс қозғау, тəртiптiк iс жүргiзу немесе əкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iс жүргiзу, прокурордың талабын мəжбүрлеп орындау,
жеткiзу (күштеп əкелу) жөнiнде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу
шараларын қолданады;
4) адамның жəне азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары
мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актiнiң күшiн
тоқтата тұрады;
5) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары енгiзген тыйым
салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе алып тастайды;
6) мемлекеттiң, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың
заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауды соттан өтiнедi;
7) органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы
ұсыныс енгiзедi.
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18-бабында
прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесі белгіленген:
Прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш,
санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме.
2) Прокуратураны ұйымдастыру жəне оның қызмет мəселелерiн реттейтiн
актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық мəртебесі
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21
желтоқсандағы Заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес анықтау, алдын ала
тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тəртіпті сақтау мен
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық жəне өзге де
заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу жəне жолын кесу жөніндегі
атқарушылық жəне өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы
мемлекеттік орган болып табылады.
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңының 2-
бабына сай, ішкі істер органдарының төмендегідей міндеттері бар:
317
-
қоғамдық тəртiптi қорғау жəне қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде
төтенше немесе əскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
- қылмыстар мен əкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау,
жолын кесу, қылмыстарды ашу жəне тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді
іздестіру;
- құқық бұзушылық профилактикасы;
- заңдарда белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтама
мен əкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
- əкiмшiлiк жазалауларды орындау;
- əкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тəртібін
қамтамасыз ету жəне адамдарды ұстау режимін сақтау;
- кəмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау
жəне тыю;
- қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жəрдем көрсету;
- жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау
жəне бақылау;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың
айналымын мемлекеттік бақылау;
- азаматтық жəне қызметтік қаруды жəне оның оқ-дəрілерін мемлекеттік
бақылау;
- күзет қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды
жəне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілердің қызметін
мемлекеттік бақылау;
- мемлекеттік жəне өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға
алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, кепілге алынғандарды босатуға
қатысу;
- виза беру жұмысын жүргiзу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тəртiбiн сақтауын
бақылау;
- соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде
жекелеген мiндеттердi орындау;
- өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар
кезінде карантиндік, санитарлық жəне табиғат қорғау шараларын жүргізуге
қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде
жəрдем көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес лицензиялық жəне рұқсат
етушілік қызметті жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының айрықша маңызды жəне айрықша режимді
объектілерінде, аумақтарында режимдік жəне күзет шараларын жүзеге асыру;
318
-
iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мəселелер бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы
мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жəне олардың заңсыз айналымы мен оларды
терiс пайдалануға қарсы iс-əрекет жасау;
- «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығына ие бола
отырып, терроризмге қарсы операция жүргізуге жəне терроризмге қарсы
операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де
құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен
Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi,
қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер
органдары, ішкі əскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер жəне өзге де
ұйымдар құрайды. Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция,
əкімшілік полиция жəне полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер
министрлігінің əскери құрылымдар мəртебесі бар əскери-тергеу органдары мен
əскери полициясы құрылады. Криминалдық, əкімшілік жəне өзге де полиция
қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу
органдары мен əскери полициясын құруды, қайта құруды жəне таратуды
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Тергеу
Достарыңызбен бөлісу: |