14.5.4 Жер учаскесi жерге заттық құқықтың объектiсi
ретiнде түсiнiгi, белгiлерi жəне түрлерi
Жер учаскесi деп – заңда белгiленген тəртiппен жер қатынас-тары
субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн тұйық шекара iшiндегi бөлiнген жер бөлiгi.
Жер учаскесiнiң белгiлерi мынадай:
1. Тұрақты орналасқандығы;
2. Белгiлi шекарада орналасқандығы;
3. Учаскеге құқығы бар екендiгiн растайтын құжаттың болуы. Жер учаскесiне
құқық белгiлейтiн құжаттар дегенiмiз – осылардың негiзiнде азаматтар мен
заңды тұлғалардың жер учаскесiне тиiстi құқықтары (жеке меншiк құқығы, жер
пайдалану құқығы, сервитуттар жəне жер учаскесiне өзге де заттық құқықтар)
туындайтын құжаттар. Құқық белгiлейтiн құжаттарға атқарушы органдардың
жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актiлерi, сатып алу-сату шарттары
(айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесiн иелiктен шығару туралы өзге
мəмiлелер) жəне сот органдарының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын, жер
пайдалану құқығын жəне жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешiмдерi
жатады.
Жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттар дегенiмiз – жер
учаскесiнiң сəйкестендiру сипаттамаларын көрсететiн жəне жер қатынастары
жөнiндегi уəкiлеттi органның құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде жер
учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға беретiн құжаттары.
Құқықты куəландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi,
тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi жəне уақытша (өтеулi, өтеусiз) жер
пайдалану құқығы актiсi жатады.
Жер учаскесi бөлiнетiн жəне бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы
мақсатын өзгертпей жəне өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық
жəне өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай, бөлiктерге бөлуге
болатын, бөлiн-геннен кейiн əрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер
учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол
бөлiнбейтiн болып табылады.
Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi жер учаскесiне құқықты куəландыратын
құжатта көрсетiледi. Бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мəмiле жасалған кезде
бұл бөлiк белгiленген тəртiп-пен алдын ала дербес жер учаскесi болып бөлiнiп
шығарылуға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |