ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жер пайдалану құқығы жəне жерге басқа да құқықтар



Pdf көрінісі
бет292/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

14.6 Жер пайдалану құқығы жəне жерге басқа да құқықтар 

 

14.6.1  Жер пайдалану құқығының түсiнiгi жəне оның түрлерi  

Жер  пайдалану  құқығының  анықтамасы  Жер  кодексiнiң 12-бабында 

көрсетiлген.  Жер  пайдалану  құқығы  дегенiмiз – тұлғаның  мемлекеттiк 




399 

 

меншiктегi жер учаскесiн өтеулi немесе өтеусiз негiзде мерзiмсiз немесе белгiлi 



бiр мезгiл iшiнде иелену жəне пайдалану құқығы. 

Жер пайдалану құқығының келесiдей ерекшелiктерiн атап көрсетуге болады: 

1. Пайдаланудағы жер əрқашан да мемлекеттiң меншiгiнде болып қалады; 

2.  Жер  учаскесiн  пайдалануға  мерзiмсiз  немесе  бiр  мерзiм  iшiнде  берiлiп 

отырады, ал, меншiк құқығында барлық пайдалану мерзiмсiз болып табылады; 

3. Жер учаскесiн пайдалануға ақылы түрде берiлуi мүмкiн, бұл пайдаланудың 



түрi  өтеулi  деп  аталады.  Жер  заңдарында  көрсетiлген  тұлғаларға  жер  тегiн 

түрде берiледi, бұл пайдаланудың түрi өтеусiз деп аталады.  

Жер пайдалану құқығының мынандай түрлерi бар: 

1. Тұрақты жер пайдалану құқығы; 

2. Уақытша жер пайдалану құқығы; 

3. Өтеулi жер пайдалану құқығы; 

4. Өтеусiз жер пайдалану құқығы; 

5. Иелiктен шығарылатын жер пайдалану құқығы; 

6. Иелiктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет