мемлекеттен сатып алынатындығын бiлдiредi. Жер учаскесiне уақытша өтеулi
400
ұйымдарға табысталуы мүмкiн. Жер кодексiне сəйкес, жер учаскесiн жеке
меншiкке сатып алудың төрт түрлi жағдайы көрiнiс тапқан. Олар:
Бiрiншiден, жердi жер учаскесiнiң кадастрлық бағалау құнына сəйкес
сатып алу;
Екiншiден, жер учаскесiн кадастрлық бағалау құнына сəйкес, сатып алу
сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн ұзарту арқылы;
Үшiншiден, жер учаскесiнiң кадастрлық құнына қарай ай-қындалатын
жеңiлдiктi бағамен;
Төртiншiден, жер учаскесiнiң кадастрлық құнына қарай айқындалатын
жеңiлдiктi бағамен сатып алу сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн создыру
арқылы сатып ала алады.
Өтеусiз жер пайдалану құқығы, керiсiнше мемлекеттен сатып алынбайтынын
бiлдiредi. Оларға мыналар жатады:
– шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшiн;
– тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы үшiн;
– мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
– бақша өсiру үшiн;
– қызметтiк жер телiмi;
– ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiгi жəне əлеуметтiк
мəдени мақсаттағы обьектiлер құрылысы кезеңiне;
– тозған жəне бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
– Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен үйлердi
жəне ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берiлген кезде,
– Ғибадат объектiлерi үшiн дiни объектiлер;
Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың
ерекше бiр түрi болып табылады. Қызметтiк жер телiмi Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзiмге сəйкес, осы телiмге құқығы бар
адамдар жұмыс iстейтiн мемле-кеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы
жерден бөлiнедi. Ол қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсiру, шөп шабу жəне мал жаю үшiн берiледi.
Достарыңызбен бөлісу: