Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г. Банковское право. М.: Юристъ, 2003. – 480
с.)
Қазіргі банктік жүйені жəне банктік қызметті реттейтін банктік құқықты
жетілдіру – елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құрулардың
сəттілігінің қажетті шарты болып табылады.
Экономикалық реформаларды іске асыру жəне сəтті аяқтау үшін банктік
жүйенің айрықша маңыздылығымен шартталатын осындай саланың жеке-дара
құқықтық реттелуіне қоғамдық қажеттіліктің мемлекеттік мүдденің жəне
атаулы құқық саласымен реттелетін қоғамдық қатынастардың ерекшелігін
көрсетумен шартталатын жекелеген құқықтық реттеу пəнінің болуы, ерекше
құқықтық реттеу əдісіне деген қажеттілік, құқықтың ерекше қайнар көздерінің
болуы немесе оларға деген қажеттілік, атаулы құқық саласының
қағидаттарының Конституциялық жəне заңнамалық бекітілуі, ұғымдар мен
санаттардың ерекше жүйесінің болуы секілді
мəн-жайлардың негізінде банктік құқық құқық жүйесінде жеке – дара
құқық саласы ретінде сипатталады.
Демек, Қазақстан Республикасының банктік құқығы құқық саласы ретінде
Қазақстан Республикасының банктік жүйесін қалыптастыру, оның қызмет етуі
жəне оны дамыту барысында, соның ішінде, ҚР Ұлттық банкі мен басқа да
мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ, одақтар, ассоциациялар жəне несиелік
ұйымдар тарапынан банктік қызметті реттеу барысында туындайтын
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Банктік құқық əр түрлі құқық салаларының нормаларынан құралады жəне
əр түрлі құқық салаларының құқықтық реттеу əдістері қолданылады. Сондықтан
да, ол кешенді құқық саласы болып табылады.
ҚР Ұлттық банкінің жəне несиелік ұйымдардың өздерінің функцияларын
іске асыруы барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды көптеген жағдайда
444
конституциялық, азаматтық, əкімшілік, қаржылық жəне басқа құқықтық
қатынастарға жатқызуға болады.
Банктік құқықтық қатынастар – банктік заңнама нормаларымен реттелген,
əлеуметтік өзара əрекеттестіктің кешенді нысанын білдіретін, қатысушылары
өзара заңды құқықтар мен міндеттерді иелене отырып, осы нормалардағы,
банктік қызметті іске асыру жөніндегі нұсқауларды орындауға міндетті болатын
қоғамдық қатынастар. [22-23] (Тосунян Г.А., Викулин А.Ю., Экмалян А.М.
Достарыңызбен бөлісу: |