ҚҰҚЫҚ негіздері


М.: Юристъ, 1997. – 424 с.)



Pdf көрінісі
бет331/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

М.: Юристъ, 1997. – 424 с.) 

 

17.2 Банктік құқықтық қатынастар 

Банктік  құқықтық  қатынастар  келесідей  арнайы  белгілердің  жиынтығы 

арқылы анықталады:  



442 

 

а) арнайы субьектінің – банктің немесе несиелік ұйымның болуы; 



б) арнайы обьектінің – қаржылық құралдардың болуы; 

в)  банктік  құқықтық  қатынастар  арқылы  мемлекеттің  ақшалай-несиелік 

саясатының  іске  асырылу,  яғни,  құқықтық  қатынастың  нысандарын  жəне 

оларды  іске  асырудың  ережелерін  анықтауда  тараптардың  ерік  білдіру 

бостандығының  болмауы,  сондай-ақ,  осы  құқықтық  қатынастарға  мемлекеттің 

тікелей немесе жанама түрде қатысуы. 

Субьектілердің  құрамына  қарай  банктік  құқықтық  қатынастардың 

келесідей түрлері болады: 

а) екінші деңгейдегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар; 

б)  екінші  деңгейдегі  екі  банктің  арасындағы  банктік  операцияларды  іске 

асыру жөніндегі қатынастар (яғни, коммерциялық банктер арасындағы); 

в) ҚР ҰБ мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы қатынастар; 

г)  екінші  деңгейдегі  банктер  арасындағы  одақтар,  ассоциациялар, 

клирингтік  палаталар  жəне  басқа  да  туынды  құрылымдар  құру  жөніндегі – 

мүшелік құқықтық қатынастар; 

д) ҚР ҰБ мен үкімет арасындағы өзара өкілдік қатынастары; 

е)  ҚР  ҰБ  мен  жоғарғы  өкілетті  билік  органдары  (яғни,  ҚР  Парламенті) 

арасындағы тағайындау жəне есеп беру қатынастары. 

Сондай-ақ,  банктік  құқықтық  қатынастар  банктік  операциялардың 

сипатына  қарай  топтастырылуы  мүмкін,  яғни,  банк  борышқор  ретінде 

қатысатын  пассивтік  банктік  операциялар – банктік  шот  шарты,  бағалы 

қағаздарды  шығару;  банк  несие  беруші  ретінде  қатысатын  активтік  банктік 

операциялар  - несиелік  шарттар  жəне  ақшалай  талапты  беріп  қаржыландыру 

шарты;  делдалдық  банктік  операциялар – есеп  айырысу  жөніндегі  құқықтық 

қатынастар;  қосалқы  банктік  операциялар – ақпараттық  жəне  басқа  қызмет 

жөніндегі құқықтық қатынастар деп топтастырылады. 

Мазмұнына қарай құқықтық қатынастар келесідей тəртіпте топтастырылуы 

мүмкін: 


а)  мүліктің  бір  түрі  ретінде  ақшалай  қаражаттармен  байланысты  мүліктік 

қатынастар; 

б)  банктік  құпия  режимін  қамтамасыз  етумен,  қандай  да  бір  атауларды, 

банктің іскерлік беделін қорғауды, рейтинг тағайындаумен байланысты мүліктік 

емес қатынастар; 

в)  банктің  жəне  тұтастай  банктік  жүйенің  ішкі  ұйымдық  құрылымын 

қалыптастырумен байланысты ұйымдастырушылық қатынастар.  

Банктік құқықтық қатынастардың туындау негіздеріне мыналар жатады:  

а)  заң  нормасы  (мысалы,  мемлекеттің  ақша-несие  саясатын  іске  асыру 

немесе міндетті қорларды қалыптастыру барысында); 

б) əкімшілік акт (мысалы, лицензия беру немесе қайтарып алу); 

в) шарт немесе біржақты мəмле; 




443 

 

г) зиян келтіру. 



Банктік  құқықтық  қатынастардың  субьектілік  құрамы  жоғарыда 

аталғандардың  барлығымен  анықталады  жəне  келесідей  бірнеше  деңгейлерге 

бөлуді көздейді: 

а)  банктің  клиенттері – азаматтар,  заңды  тұлғалар,  олардың  жекелеген 

бөлімшелері, басқа да ұйымдар; 

б) несиелік ұйымдар, бəрінен бұрын, банктер; 

в) банк ретінде, мемлекеттік атқарушы билік органы жəне банктік жүйенің 

орталығы ретінде қатысатын ҚР Ұлттық банкі; 

г) туынды банктік құрылымдар – банктік одақтар, ассоциациялар, лигалар, 

концерндер, клирингтік палаталар; 

д)  банктік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  жəне  банктік  жүйемен  өзара 

қатынасы  функцияларын  іске  асыратын  билік  органдары.  [22-23]  (Алексеева 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет